29.04.2026, 21:01 66

Қазақстанның СІМ басшысы Литва Елшісін қабылдады

Қазақстанның СІМ басшысы Литва Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Литва Республикасының Астанадағы Елшісі Эгидиюс Навикасты қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар екіжақты және халықаралық алаңдардағы Қазақстан мен Литва ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ көлік және логистика салаларындағы іс-қимылды жандандыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Министр Е. Көшербаев Литваның еліміз үшін Балтық өңіріндегі маңызды серіктесі екенін атап өтіп, Вильнюспен өзара тиімді және сындарлы ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Елші Э. Навикас оның миссиясына көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі тереңдетуге, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және түрлі деңгейлерде тұрақты байланыстарды жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны