28.05.2025, 17:33 61771
Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-министрі Анке Релингермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атап, бұл ел экономикамыздың жетекші инвесторының бірі саналатынын айтты.
Германия - біз үшін маңызды ел, Еуропадағы негізгі серіктесіміз. Сіздердің мемлекетпен ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Германияға жасаған сапарым туралы ойыммен бөліскім келеді. Өзім бұрыннан жақсы білетін Штайнмайер мырзамен келіссөз жүргіздім. Ал парламентаралық байланыстарға келетін болсақ, мен ықпалдастықтың бұл бағытын қолдаймын", - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттары жайында әңгімелеп берді.
Қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларды, цифрландыру және жасанды интеллектті дамытуға күш салу керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларын да өркендету қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси реформалар жүргізгенін жеткізді.
Заңнамаға, ең әуелі, Конституцияға жасалған өзгерістер Қазақстанның жаңғыру жолына түбегейлі түскенін көрсетеді. Әрине, реформалар жалғасып жатыр. Құқық қорғау және сот жүйесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл - өте маңызды. Бірақ мемлекеттің құрылымы, мен бұл жерде президенттік басқару жүйесі туралы айтып отырмын, бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттің сипаты осындай болуға тиіс. Бұл біздің түсінігімізге сай келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.01.2026, 16:03 27036
Латвия Сеймінде Қазақстанмен диалогты нығайтуға ниетті
Достарға айту
Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов ҚР Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі Сейм тобының жетекшісі, депутат Линда Лиепинамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары, алдағы уақыттағы бірлескен іс-шаралар кестесі туралы хабардар етті. Екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Л.Лиепина өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы екіжақты қатынастарды тереңдетуге және кеңейтуге мүдделілігін растады. Қазақстан мен Латвияның парламентаралық өлшеміне жаңа серпін беру қажеттігін қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2026, 15:43 27476
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты.
- Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды.
- Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.
Джули Стаффт - Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі
1975 жылғы 18 қыркүйекте АҚШ-тың Огайо штатында дүниеге келген. Case Western Reserve университетін және Дьюк университетін тәмамдаған. Экологиялық менеджмент саласы бойынша магистр дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 1999 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған. 2002-2006 жылдары АҚШ-тың Польша мен Эфиопиядағы елшіліктерінде саяси және консулдық бөлімдердің қызметкері ретінде жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары АҚШ Мемлекеттік департаментінің Атқарушы хатшылығы мен Консулдық істер бюросында қызметші болған.
2009-2012 жылдары АҚШ-тың Ресейдегі Елшілігінің виза бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2012-2014 жылдары АҚШ-тың Джибутидегі елшісінің орынбасары, ал 2015-2018 жылдары АҚШ-тың Молдовадағы елшісінің орынбасары болған.
2018-2020 жылдары АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде директор, аға директор, ал 2020-2021 жылдары АҚШ Мемлекеттік департаментінің Консулдық істер бюросында атқарушы директор лауазымдарын атқарған.
2021-2025 жылдары - АҚШ Мемлекеттік департаментінің Консулдық істер бюросында Мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары, Мемлекеттік хатшы көмекшісінің бірінші орынбасары.
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2025 жылы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде атқарушы хатшы қызметін атқарған.
Румын, орыс, поляк, француз және жапон тілдерін меңгерген.
Георги Петров Воденски - Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі
1975 жылғы 11 мамырда Болгарияның София қаласында дүниеге келген. Софиядағы Әулие Климент Охридский атындағы университетті тәмамдаған. Түркология бакалавры және саясаттану магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2003 жылы Болгария Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қатынастар департаментінде қызметкер ретінде бастаған. 2005-2012 жылдары Эдирне қаласындағы (Түркия) Болгарияның Бас консулдығында үшінші хатшы, вице-консул қызметтерін атқарған.
2012-2018 жылдары Болгарияның Грузиядағы Елшілігінде саяси және мәдени мәселелер жөніндегі екінші хатшы, консулдық қызметінің басшысы болған.
Болгарияның Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2018-2023 жылдары Болгария СІМ Консулдық қатынастар департаментінің директоры лауазымын атқарған.
Ағылшын, түрік, румын және орыс тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 21:17 35771
Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясына қатысушылармен кездесті
Достарға айту
Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылы Қазақстан Республикасының Одаққа төрағалығы аясында ұйымдастырылған Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясы қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиынға Түркі елдерінің іскерлік сала өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Р. Баталов ("Атамекен", Қазақстан), М. Кәрімсақов (Сыртқы сауда палатасы, Қазақстан), Б. Әмреев (Түркі инвестициялық қоры), М. Башқұрт (Түркі әлемі муниципалитеттер одағы), А. Кула (Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы), В. Зейналов (Әзербайжан), М. Бакиров (Қырғызстан), М. Гурдов (Түрікменстан), А. Шайхов (Өзбекстан) және басқа да өкілдер болды.
Кездесу барысында Түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қатысушы елдердің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының жалпытүркілік экономикалық мүдделерді ілгерілету мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға арналған маңызды әрі тиімді алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палаталарының бизнес-қоғамдастықтар арасында тікелей диалог орнатуда және мемлекетаралық келісімдерді нақты экономикалық жобаларға айналдыруда шешуші рөл атқаратыны сөз етілді.
Сондай-ақ одаққа мүше елдер арасындағы инвестициялық әріптестікті дамытуға ықпал ететін Түркі инвестициялық қорының жұмысын жандандыру қажеттігі талқыланды.
Түркітілдес елдердегі туризм мен туристік саланы дамыту, көлік-логистикалық бағыттарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперация, цифрландыру және инновациялық шешімдерді, оның ішінде жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне айрықша мән берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында экономикалық интеграцияны одан әрі нығайтуға және серіктес елдермен практикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 20:06 36021
АҚШ-тың жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Америка Құрама Штаттарының жаңадан тағайындалған Елшісі Джули Стаффттан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар бірлескен жұмысқа дайындығын растап, диалогты жалғастыру туралы келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 18:04 39796
Шаңхайда Қазақстан саясатының басымдықтары және студенттік қауымдастықтың рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров ҚР Бас консулдығының консулдық округіне кіретін білім беру мекемелерінде оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Бас консул студенттерді Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қазіргі әлеуметтік-экономикалық реформалармен, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі қазақ-қытай екіжақты ынтымақтастығының басымдықтарымен таныстырды.
Шетелде жүрген ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, консулдық есепке тұру, көші-қон заңнамасын сақтау, сондай-ақ Қытай Халық Республикасында шетелдік студенттердің болу ережелерін орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында қазақстандық студенттік қауымдастық үшін өзекті саналатын мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, оқу және тұрмыс жағдайлары, мәдени-гуманитарлық және қоғамдық бастамаларға қатысу, сондай-ақ Бас консулдықпен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар Шаңхайдағы қазақстандық студенттік қауымдастықтың ұйымдастырушылық дамуына қатысты мәселелер, оның ішінде Шаңхайдағы Қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAS) басқарушы органдарын қалыптастыру тәртібі қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша KSAS Президенті болып Дария Машынбай сайланды. Осы орайда, студенттік қауымдастықтың қазақстандық студенттердің қызметін үйлестірудегі, Бас консулдықпен өзара байланысты жолға қоюдағы, сондай-ақ мәдени, білім беру және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырудағы рөлі атап өтілді.
Н. Аққошқаров сапалы білім алудың маңыздылығын, қабылдаушы елдің заңнамасын қатаң сақтаудың қажеттілігін атап өтіп, қытай тілін меңгерген және ҚХР-да білім алу тәжірибесі бар мамандардың жоғары сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, кездесуде Бас консул жас азаматтардың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан елдегі өзгерістерді тұрақты түрде қадағалап отыру маңыздылығына назар аударды.
Мемлекет басшысының жастар саясатына ерекше көңіл бөлетінін және Қытайды терең білетінін атап өте отырып, сапалы кадрлардың кәсіби тұрғыда кең мүмкіндіктерге ие екенін, соның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеует бар екенін жеткізді. Осы тұрғыда қатысушылардың назарын 2026 жылғы 5 қаңтарда "Turkistan" газетінде жарияланған "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" атауымен жарық көрген ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ауқымды сұхбатына аударды.
Кездесуді қорытындылай келе Бас консул студенттерді белсенді азаматтық ұстаным танытуға, қазақстандық студенттік қауымдастық ішіндегі өзара байланысты нығайтуға және шетелде Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыруға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 16:12 40096
Парламенттік дипломатия - Қазақстан мен Португалия ынтымақтастығының дәнекері
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Ғалиев Португалияның Республика Ассамблеясы Сыртқы істер және шетелдегі португал қауымдастықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жозе Сезариумен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жаңғырту реформаларының барысы жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттары - ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп, туризм және спорт, көлік пен логистика, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект, су ресурстары, білім беру және өзге де салалар сындарлы түрде талқыланды.
Елші Қазақстан тарапының парламентаралық диалогты жандандыруға әзір екенін атап өтті.
Өз кезегінде португалиялық депутат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге қызығушылық танытып, екі ел халықтарының жақындасуын, оның ішінде мәдени-гуманитарлық алмасулар арқылы нығайтуды қолдайтынын білдірді.
Әңгіме соңында тараптар парламенттік дипломатияға арқа сүйей отырып, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесуге уағдаласты. Ж.Сезариу алдағы уақытта Португалия Республикасы Ассамблеясының депутаттарынан құралған топтың басында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 19:18 58156
Қазақстан Сыртқы істер министрі Хорватия Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Хорватия Республикасының Елшісі Рефик Шабановичті қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ мәдениет және білім саласындағы өзара әрекеттестікті дамытуды талқылады.
Экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аударылды. Бұл өзара сауда көлемін және іскерлік байланыстарды арттырудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.
Өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы іс-қимылды жалғастыруға дайындық расталып, биік және жоғары деңгейлердегі сапарларды дайындау мәселелерін қоса алғанда, 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беретін Хорватия Премьер-министрінің Астанаға сапарын ұйымдастырудың маңыздылығы аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды диалогты жалғастыруға және жан-жақты өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 14:17 60386
Алжирдің Коммуникация министрі Қазақстан Президентінің сұхбатына қызығушылық танытты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Коммуникациялар жөніндегі министрі Зохейр Буамамамен кездесті. Министрдің құзіретіне мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі және елдің идеологиялық мәселелері кіреді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында алжирлік министр назарына Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" атты сұхбаты ұсынылып, өз кезегінде ол Қазақстан басшысы жүзеге асырып отырған ішкі саяси реформалар мен бастамаларға, олардың ел егемендігін, патриотизмді және азаматтардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталғанына жоғары баға берді.
Министр З. Буамама аталған сұхбаттың негізгі тұжырымдары, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен қол жеткізілген нәтижелер жетекші алжирлік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, практикалық қызметте зерделеу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарының аудармасы табысталды. Құжат алжирлік министрдің үлкен қызығушылығын тудырып, ол Қазақстан басшылығының жүйелі әрі байыпты ұстанымдарын жоғары бағалады.
Тараптар сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар арасында және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алжирдің Коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында елдердің халықаралық аренадағы оң имиджін ілгерілету мәселелері бойынша перспективалы бағыттар мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.
Алжир тарапы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырудағы тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.
Экономикалық құрылымдардың ұқсастығын, күрделі геосаяси ахуалды және жаһандық сын-қатерлердің артуын ескере отырып, З. Буамама Алжир Қазақстанның ең табысты тәжірибелерін, әсіресе сыртқы ақпараттық жұмыс пен ішкі саясаттағы стратегиялық басымдықтарды айқындау саласында зерделеуге және бейімдеуге мүдделі екенін жеткізді.
Жалпы алғанда, тараптар ресми және сараптамалық делегациялар алмасуын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын пысықтауды қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2026, 20:48Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі 07.01.2026, 09:29 146751Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 146431Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады06.01.2026, 20:02 138066Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті06.01.2026, 19:34 1045262026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды - Жарлық
17.12.2025, 17:47 232381Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227901Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226181Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223171Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214176Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

