25.12.2025, 15:23 58251
Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Сиби Джорджбен 2025 жылғы екіжақты өзара іс-қимылдың қорытындылары бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші А.Есқараев саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті. Бұл ретте ағымдағы жылдың маусым айында өткен "Орталық Азия - Үндістан" Диалогы аясындағы сыртқы істер министрлерінің 4-ші кездесуінің маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Қазақ дипломаты экономикалық бағыттағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына айрықша назар аударды. Осы тұрғыда тараптар өнімдер импорты мен экспорты көлемін ұлғайту, сондай-ақ сауда номенклатурасын әртараптандыру мүмкіндіктерін талқылады.
Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, туристік алмасуларды арттыру, білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ іскерлік сапарлар үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерінде тараптар Хайдарабад пен Ахмедабад сияқты Үндістан қалаларына тікелей әуе рейстерінің географиясын кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты іс-шараларға дайындық аясында "Орталық Азия - Үндістан" диалогы мемлекет басшыларының күтіліп отырған 2-ші Саммитіне дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Аталған Саммит Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды алаң болмақ. Осыған байланысты С.Джордж жақын уақытта сыртқы саяси ведомстволар арасындағы кезекті консультацияларды өткізуге дайындықты жеделдетуге дайын екенін білдірді. Бұл консультациялар қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі диалогты тереңдетуге бағытталған нақты практикалық қадамдарды айқындау жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды сақтауға және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен бастамаларды одан әрі ілгерілетуге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.03.2026, 23:32 10916
Қазақстан Сыртқы істер министрі Православ шіркеуінің басшысын қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында конфессияаралық бейбітшілікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Қазақстандағы Православ шіркеуінің қоғамдағы өзара құрмет, төзімділік және тұрақтылық ахуалын қолдауға қосып отырған үлесі аталып өтті.
Тараптар конфессияаралық диалогты ілгерілету, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту мақсатында мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту маңызды екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2026, 22:30 11131
Қазақстан Мен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті халықаралық гуманитарлық құқық мәселелері бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанға алғаш сапармен келген Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Президенті Мирьяна Споляричпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Ашықбаев БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа негізделген көпжақты жүйеге Қазақстанның қолдауын растады. Сондай-ақ, еліміздің халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын толық сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігер аясында ХҚКК-мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын атап өтті.
М.Сполярич халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға және қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған халықаралық бастамаларды ілгерілетудегі Қазақстанның үлесін жоғары бағалады және осы тұрғыда өзара іс-қимылды жандандыруға дайындығын растады.
Сұхбаттастар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі Жаһандық бастама шеңберіндегі бірлескен іс-қимылдарды, сондай-ақ 2026 жылдың соңында Амман қаласында (Иордания) өтетін соғыс уақытындағы гуманизм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық барысын талқылады.
Тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейлердегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2026, 21:28 13136
Қазақстан мен Түркия Сыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және оны деэскалациялау мүмкіндіктерін талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзербайжан аумақтарына жасалған әскери шабуылдарға байланысты елеулі алаңдаушылық білдірді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға өзара бейілділігін растады.
Сұхбат қорытындысы бойынша екі мемлекеттің сыртқы істер және көлік министрліктері деңгейінде кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2026, 20:25 11571
Қазақстан СІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға СІМ басшылығы және ведомство ұжымының әйелдер қауымы қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты жиын барысында дипломатиядағы және халықаралық аренадағы әйелдердің рөлінің маңыздылығы аталып өтті. Әйел дипломаттардың еңбегі халықаралық байланыстарды нығайтуға және жаһандық деңгейде Қазақстанның мүдделерін ілгерілетуге елеулі үлес қосатыны атап көрсетілді. Министрліктің орталық аппаратында да, шетелдегі мекемелерінде де әйелдер мемлекеттік мүдделерді қорғауға және сыртқы саяси міндеттерді іске асыруға белсенді атсалысуда.
Іс-шара барысында Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қазақстандық дипломат әйелдердің кәсібилігін, жауапкершілігін және елдің сыртқы саяси басымдықтарын ілгерілетудегі маңызды үлесін атап өтті.
Әйелдердің қазіргі қоғамдағы және мемлекет өміріндегі рөлі артып келеді. Сыртқы саяси ведомствода қызмет атқарып жүрген әйелдер еліміздің халықаралық беделін нығайтуға және Қазақстанның ұлттық мүдделерін ілгерілетуге маңызды үлес қосуда", - деп мәлімдеді Министр.
Мереке аясында сыртқы саяси қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2026, 14:22 11781
Саяси консультациялардың алғашқы раунды аясында Астана мен Бангкок ынтымақтастықтың жаңа кезеңін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің хатшысы Сарун Чароенсуванның қатысуымен қазақ-таиланд саяси консультацияларының алғашқы раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және шарт-құқықтық негізді кеңейтуге өзара мүдделілігін растады. Жоғары және биік деңгейлердегі сапарлар алмасуды жандандыру, сондай-ақ Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық жүргізу маңызды екені аталып өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілетуге ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 255 млн АҚШ долларын құрады. Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет, көлік және логистика, цифрлық даму мен туризм салаларында өзара іс-қимылды тереңдетудің елеулі әлеуеті бар екені атап көрсетілді.
Сонымен қатар көліктік байланыстылықты дамыту, әуе қатынасын кеңейту және туристік алмасуды ұлғайту мәселелері талқыланды.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, БҰҰ, АӨСШК, БРИКС аясындағы өзара іс-қимыл және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен диалог мәселелері бойынша пікір алмасты.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси байланысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2026, 13:18 12026
Астана Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы басшысымен кездесті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК/IFC) қызметіне жауапты өңірлік менеджері Зафар Хашимовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ХҚК арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ елдің орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ә.Қуантыров Қазақстандағы жеке секторды дамытуға, инвестициялар тартуға және экономиканы жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға ХҚК-ның қосып отырған маңызды үлесін атап өтті. Осы тұрғыда Корпорацияның қатысуымен жүзеге асырылып жатқан бастамалардың қаржы саласы, инфрақұрылым және орнықты даму сияқты экономиканың түрлі секторларындағы маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Өз кезегінде, З.Хашимов Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстанмен серіктестікті одан әрі нығайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға, іскерлік ахуалды жақсартуға, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында заманауи орнықты шешімдерді енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.
Сондай-ақ тараптар құрамына ХҚК кіретін Дүниежүзілік банк тобы мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.03.2026, 10:37 13011
UPD: Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының жалпы саны 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.
Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Ирандағы дипломаттар 6 наурызда "Заркух" компаниясында жұмыс істейтін 7 қазақстандық азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлауда. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған "Заркух" компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасын өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2026, 19:00 39196
Ереванда қазақ-армян гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елші Болат Иманбаев Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Армения арасындағы білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады. 2025 жылы екі елдің бейінді ведомстволары, сонымен бірге жетекші мұражайлары, кітапханалары мен киноиндустрия ұйымдары арасында қол қойылған екіжақты құжаттардың маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Осы орайда үстіміздегі жылдың ақпан айында Месроп Маштоц атындағы "Матенадаран" ежелгі қолжазбалар институты делегациясының Қазақстанға сапарының маңыздылығына назар аударылып, сапар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығымен тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін келістірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2026, 10:54Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026, 16:45 201961Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды04.03.2026, 15:34 201941Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті04.03.2026, 20:25 201911Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып келеді04.03.2026, 14:31 201886Қазақ мәдениеті Үндістанда халықаралық фестивальде таныстырылды
04.03.2026, 10:54 236876Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229836Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229316Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229311Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229266Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

