01.12.2025, 12:03 37006

Нью-Делиде мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды

Нью-Делиде мәдениет саласындағы ынтымақтастық талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан мәдени байланыстар кеңесінің бас директоры Нандини Сингламен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегін, сондай-ақ осы саладағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Елші А.Есқараев қазақ халқының Ұлы ақыны Абайдың таңдамалы шығармаларының бірін үнді тіліне аударуда қолдау білдіргені үшін алғысын білдіріп, үнді халқының қаламгер, ақыны Рабиндранат Тагордың шығармасы қазақ тіліне аударылғаны туралы айтты. Сондай-ақ Елші бұл еңбектер екі ел арасындағы мәдени түсіністікті нығайтып, зияткерлік мұраның ортақ құндылықтарын қолдайтынын атап өтті.

Сонымен бірге қазақ дипломаты Алматы қаласындағы үнді классикалық биі мен йога орталығы туралы айтып, орталықтың Үндістандағы өнер сүйер қауымына қазақ биін үйренуде мастер-класс өткізу мүмкіндігімен бөлісті. Бұл арқылы Үндістанға қазақ би өнерінің көркемдігі мен сұлулығын сезінуге мүмкіндік бере алатыны аталды.

Елші қазақстандық жоғары оқу орындарының базасында қызығушылық танытқан студеттерге хинди тілін оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде Бас директор Н. Сингла келер жылы Үндістанда болатын ән және би фестивальдары туралы мәлімет беріп, оларға қазақстандық ән және би ансамбльдердің қатысу мүмкіндігіне назар аударды. Осыған қоса ол Қазақ өнерпаздарының Үндістандағы халықаралық мәдени іс-шараларға қатысуы ынтымақтастыққа үлкен серпін беретіні және концерттік бағдарламаны байытатыны туралы ой бөлісті.

Н. Сингла Кеңестің қолдауымен қазақстандық студенттердің толықтай тегін, әрі шәкіртақымен білім алуларына мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар үнді тарапын Махараштра штатындағы 11 бекініске ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра мәртебесі беруіне қолдау қөрсеткені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени дипломатияның барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және аталған бастамаларды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқару туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Үндістан мәдени байланыстар кеңесі - сыртқы мәдени байланыстарды жүзеге асыру, мәдени алмасуды дамыту және өзара түсіністікті нығайтумен мақсатындағы ұйым.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны