03.10.2025, 11:01 111461
Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок экономикалық ынтымақтастық пен келісімдерді жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы салалардағы өзара іс-қимыл, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу және басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар өзара сауданы одан әрі арттырудың зор мүмкіндігін атап өтті. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызды құралына айналады.
Серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі - көлік-логистика саласы. Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспортын кеңейту мақсатында Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар ЖИ технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық басымдығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың сапалы орындалуын ерекше бақылауға алатынын баса айтты.
Өз кезегінде, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалап, қазақ-мажар ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 13:48 36
Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық реформалар мен ел дамуына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге Мажарстанның танымал "Mandiner", "Eurázsia Center", "Daily News", "Diplomatic Press Agency", "Magyar Nemzet", "HVG.hu", "About Hungary" басылымдары, сондай-ақ "Hungarian Institute of International Affairs" (HIIA), "Mathias Corvinus Collegium" (MCC) және "Danube Institute" сынды беделді ой-талқы орталықтарының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды және жүйелі саяси, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық реформалар үрдісі жөнінде баяндама жасады. Атап айтқанда, еліміздің одан әрі демократиялануына, азаматтық институттарды күшейтуге және мемлекеттік басқару тиімділігі мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді ұлттық бағдарламалар туралы кеңінен әңгіме болды. Осы ретте, Әділетті Қазақстан құру жолындағы "Естуші мемлекет", "Күшті Президент - Ықпалды Парламент - Есеп беретін Үкімет" қағидаттары, сондай-ақ Конституциялық өзгерістердің негізгі элементтері, соның ішінде 2027 жылы жалпыхалықтық референдумға шығарылуы жоспарланған бір палаталы Парламент моделіне көшудің мақсат-мұраттары түсіндірілді. Жүргізілген реформалардың арқасында азаматтарымыздың шешім қабылдау үдерісіне қатысуы мүмкіндігі едәуір кеңейіп, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайғаны аталып өтті.
Іс-шара барысында Елшілік қызметкерлері Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі бастамалары, экономикалық дамуы, оның ішінде транзиттік-көлік дәліздерінің мүмкіндіктері және инвестициялық тартымдылығы бойынша көлемді презентациялар жасады.
Кездесу барысында мажар қатысушылар Қазақстанның өңірлік, оның ішінде Орталық Азия мен Еуропа сыртқы саясаты, Бір белдеу - Бір жол шеңберіндегі көліктік саясаты, Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығының көкжиектері мен еліміздің алдағы кезеңдегі басты саяси-экономикалық күн тәртібі туралы сұрақтар қойды. Осы ретте, қатысушылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және сындарлы саясатын жоғары бағалап, қазақ-мажар ынтымақтастығының ағымдағы жылғы серпінді даму сипатын ерекше атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2025, 13:32 3866
Найробиде Каспий мен Арал теңіздеріне байланысты мәселелер талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына қатысу аясында Қазақстан делегациясы "Теңіздер мен көлдердің кебуі - XXI ғасырдың жаһандық апаты. Каспий және Арал теңіздерінің, сондай-ақ Африка, Америка, Еуропа және Азия елдерінің мысалында мәселелерді шешудің өңірлік шаралары" тақырыбында ресми сайд-ивент ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің делегациялары, БҰҰ басшылығы, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының Атқарушы директоры Ингер Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, Батпақты жерлер туралы конвенцияның Бас хатшысы Мусонда Мумба, Францияның Экологиялық өтпелі кезеңдегі бұрынғы министрі және Сыртқы істер министрлігінің қоршаған орта мәселелері жөніндегі елшісі Барбара Помпили, Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай қатысты.
Іс-шара теңіздер мен көлдердің кебу мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және Орталық Азия тәжірибесінің басқа өңірлер үшін пайдалы болуы мүмкін екенін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Форумға қатысушылар Африка, Латын Америкасы және Азиядағы теңіздер мен көлдердің кебуіне байланысты өңірлік қиындықтар мен мүмкіндіктерді қарастырып, экожүйелерді қалпына келтіру және қауымдастықтың тұрақтылығын нығайту үшін кешенді трансшекаралық әрекеттерге назар аударды. Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі күш-жігерін, соның ішінде 2026 жылы Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитті өткізуді жоғары бағалады.
Орталық Азия елдері үшін тұрақты даму мәселелерін, биоәртүрлілікті сақтау және су ресурстарын қорғау шараларын ілгерілетудегі Қазақстанның көшбасшылығы ерекше аталып өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар теңіздер мен көлдердің кебуіне қарсы тұру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін XXI ғасырдың ең үлкен экологиялық қауіптерінің бірі ретінде, экожүйені қалпына келтіру және су ресурстарын кешенді басқару саласындағы озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар елдер мен өңірлер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру, және климаттың өзгеруіне бейімделу және әлемнің барлық аймақтары үшін су қауіпсіздігін нығайту үшін әмбебап және үнемді құрал ретінде табиғатқа негізделген шешімдерді ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 23:30 4081
Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желько Комшичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланып, энергетика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай мүмкіндіктері аталып өтті.
Елші Президиумның төрағасына Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ауқымды реформаларды жүзеге асыру және кешенді әлеуметтік-саяси өзгерістер жөнінде ақпарат берді.
Қазақстанның бейбіт және ашық сыртқы саясат ұстанып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттердің егемендігі, теңдігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын берік қолдайтыны аталып өтті. Дипломат Қазақстанның мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған саясатын да жеткізді.
Босния және Герцеговинаның басшысы реформалар бағытын жоғары бағалап, Қазақстанның айтарлықтай жетістіктеріне назар аударып, сондай-ақ елдің екі континенттің тоғысындағы ірі транзиттік-тасымалдау әлеуеті бар жетекші еуразиялық экономикалық держава ретіндегі рөлін атап өтті.
Ж.Комшич Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына алдағы ҚР Тәуелсіздік күніне орай амандық пен өркендеу тілектерімен жылы құттықтауларын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 21:22 4516
Сеулде Орталық Азия елдерінің Корея Республикасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған "Кореяның өңірлік стратегиялары форумы: жаһандық серіктестікті кеңейту" атты форум Сеул қаласында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Үкімет өкілдері, жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, дипломаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан 300-ден астам қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты - жаһандық жағдайдың жылдам өзгеруі аясында Кореяның сыртқы саясатының басым бағыттарын және халықаралық әріптестікті нығайту жолдарын талқылау болды.
Форумның маңызды сессияларының бірі Корея Республикасының Орталық Азиямен өзара іс-қимылына арналды. Корея СІМ Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия істері бюросы Бас директорының орынбасары Нам Джин Орталық Азия Кореяның сыртқы саясатындағы басым өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. Ол Сеул Орталық Азияға қатысты саясатын қайта қарастырып, 2026 жылы өтетін C5+K Саммитіне дайындалып жатқанын жеткізді.
Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың күшеюін және C5+1 форматында сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылдың кеңеюін атап өтті. Ол 2024-2025 жылдары бұл формат Мемлекет басшылары деңгейіне көтерілгенін, Қазақстанның дәйекті көпвекторлы саясат жүргізетінін және өңірдегі конструктивті рөл атқаратын орта держава ретінде танылатынын айтты.
Елші Арыстанов парламенттік және сараптамалық байланыстарды, сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы өзара іс-қимылды және GAROK қолдауымен жүргізіліп жатқан белсенді өңіраралық дипломатияны қамтитын C5+K форматындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Ол Қазақстанда корей капиталы бар 894 компания қызмет атқаратынын жеткізді.
Сонымен қатар, гуманитарлық байланыстар да қарқын алып келеді: туристік ағын артып, білім беру бағдарламалары кеңеюде, оның ішінде Woosong университеті филиалының ашылуы және Қызылорда қаласында SeoulTech университетінің AI School жобасының іске қосылуы. Елші өңірдің ашықтығы артып келе жатқанын, соның ішінде Қазақстан мен Корея арасындағы 30 күндік визасыз режимнің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларын Сеул және Пусанмен байланыстыратын 20 тікелей әуе рейсінің бар екенін атап өтті. Бұл факторлар өзара байланыстарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды.
Пікірталас барысында сарапшылар Орталық Азияның өзгеріп жатқан болмысына, өңірдің стратегиялық маңыздылығы мен экономикалық әлеуетінің артуына және технологиялық даму сұранысына сәйкес Корея Республикасының өңірге қатысты жаңа, мақсатты стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, Корея ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, инновацияларға, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына және адами капиталды дамытуға бағытталған болашаққа бағдарланған тәсілді қалыптастыруға мүдделі.
Форумға қатысушылар Орталық Азияның геосаяси әрі экономикалық тұрғыдан өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады. Іс-шара аясында өткен сұрақ-жауап сессиясы талқылауды тереңдетуге және қосымша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 20:28 4301
Қазақстан мен Молдова екіжақты қатынастарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Примар Лилия Пилипецкидің шақыруымен Сороки қаласында болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе Қазақстан мен Молдова аумағында іске асырылып жатқан мәдени, әлеуметтік және экономикалық жобаларға өзара қатысу мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сұхбаттастар өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындау және оны жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлеу мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 20:19 5356
Қосшы қаласының оқушылары тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының қалыптасу тарихымен танысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қосшы қаласындағы №4 мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Қазақстандық дипломатия мұражайын тамашалау барысында өскелең ұрпаққа дала дипломатиясынан қазіргі кезеңге дейінгі отандық дипломатиялық мектептің даму тарихымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқушыларға мұрағаттық құжаттар, сирек кездесетін материалдар мен тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі кезеңдерді көрсететін экспонаттар ұсынылды. Еліміздің халықаралық сахнада алғашқы танылуы, дипломатиялық қатынастар орнатуы және жетекші халықаралық ұйымдарға мүше болуына арналған бөлімдер ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара жас буынға Қазақстанның қалыптасуы және ұлттық мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделін нығайтудағы дипломатиялық қызметтің рөлін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Министрлік қызметкерлері оқушыларға Тәуелсіздік жылдарда қалыптасқан сыртқы саясаттың басты қағидаттары Қазақстанның жаһандық процестердің құрметті және белсенді қатысушысына айналуына қалай ықпал еткені туралы айтып берді. Отандық дипломатияның бітімгершілік бастамаларды ілгерілетуге, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделерін қорғауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Сыртқы істер министрлігіне сапар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін және дипломатияның маңыздылығын халықаралық аренада ұлттық мақсаттарды ілгерілетудің негізгі құралы ретінде түсінуін қалыптастыруға ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 14:51 5591
Вашингтонда Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Microsoft Саясат және инновациялар орталығының алаңында Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөліне арналған сараптамалық пікірталас өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға АҚШ Үкіметі мен Конгресінің өкілдері, сондай-ақ жетекші сарапшылар мен академиялық қауымдастық мүшелері қатысты.
Спикерлер өңірдің АҚШ-пен қарым-қатынастарында "ренессанс" кезеңіне қадам басқанын және оның Вашингтонның сыртқы саяси күн тәртібінде маңызды орын алып келе жатқанын атап өтті. Олар 2025 жылғы
6 қарашада Вашингтонда өткен "С5+1" Саммитін, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануын және жоғары деңгейдегі делегациялар сапарларының артуын мысал ретінде келтірді.
Сарапшылар "С5+1" форматының және оның "С6+1" форматына дейін кеңею мүмкіндігінің тұрақты хатшылығы бар толыққанды үкіметаралық тетік құруға негіз болатынын айтты. Осы тұрғыда Қазақстанның өңірдегі ең ірі экономика, интеграциялық үдерістердің бастамашысы және институционалдық әрі инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары мемлекет ретінде жетекші рөлі ерекше аталды.
Пікірталас барысында Орталық Азияның транзит пен логистика саласындағы стратегиялық маңыздылығы да атап өтілді. Спикерлер қазіргі "Жібек жолының" жаңа конфигурациясын қалыптастырып отырған және өңірді жаһандық көлік байланысының маңызды торабына айналдырған Орта дәліздің және құрлық бағыттарының қарқынды дамуын ерекше атап өтті.
Сарапшылар Орталық Азияның энергетикалық қорлар мен аса маңызды минералдардың көзі, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымның болашақ орталығы ретіндегі әлеуетін кеңінен талқылады.
Америкалық сарапшылар алдағы кезеңдегі басты міндеттердің бірі ретінде АҚШ саясаты мен заңнамасын бизнестің нақты қажеттіліктеріне сәйкестендіруді атады. Олар ескірген шектеулерді жою, инвесторлар үшін неғұрлым болжамды жағдайлар қалыптастыру және АҚШ-тың жеке секторын Орталық Азиядағы жобаларға кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қатысушылар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы келешектегі ынтымақтастығы бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 13:45 5856
Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдерінің іске асуы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Президенті Кеңсесінің басшысы Иштван Силвестер Тимармен, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші А.Сапарбекұлы бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтардың іске асуы туралы сұхбаттасын қысқаша мәлімет беріп, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке жасаған мемлекеттік сапары барысында Республика Президенті Тамаш Шуйокпен, Үкімет басшысы Виктор Орбанмен өткізген келіссөздердегі, сондай-ақ Т.Шуйоктың қазан айындағы Астана сапарындағы келісімдердің жай-күйі туралы пікір алмасты.
Қазақ дипломаты екі жақты саяси байланыстардан басқа, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың, сондай-ақ тараптардың қарауындағы бірлескен жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктердің жай-күйіне және перспективаларына тоқталып өтті.
Әсіресе жасанды интелект пен цифрландыру саласы ұсынатын мүмкіндіктер мен оның құқықтық реттелуі төңірегінде тәжірибе алмасу ұсынысы көтерілді.
Сонымен қатар, сұхбаттастар білім беру саласында Қазақстан мен Мажарстанның ұлттық университеттерінің ғылыми дисциплиналарына қазақ және мажар тілдерін ресми түрде енгізу мәселесіне үлкен мән берді.
Кездесу қорытындысы бойынша, сұхбаттастар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытында мемлекет басшыларының екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізген уағдаластықтарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.12.2025, 14:10Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды 09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды132821Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 16:01 125141Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 15:04 124901Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады10.12.2025, 17:08 124671Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
19.11.2025, 16:26 146996Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146651Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145846Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 14:10 133011Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды132821Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды

