03.09.2025, 10:41 38261

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа барды
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен әскери парадты тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге мінберде Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің жиырмадан астам мемлекет, сондай-ақ үкімет басшылары болды.

Парадқа 10 мыңнан астам жауынгерді қамтыған Қытай халық азаттық армиясының 45 әскери құрылымы қатысты.

Салтанатты шеруде құрлықта, теңізде және әуеде қолданылатын стратегиялық жаңа қару-жарақ түрлері алғаш рет көрсетілді.

Сонымен қатар 4-ші буын қаруының жаңа түрлері, ұшқышсыз ұшатын және ұшқышсыз аппараттарға қарсы қолданатын қорғаныс техникалары, бағытталған энергия қаруы мен басқа да ұрыс құралдары таныстырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны