19.07.2024, 15:13 29131
Сианьде "Орталық Азия - Қытай" Хатшылығының қызметі бойынша консультациялар өтті
Достарға айту
Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Ерғалым Нұрсәлімұлы бастаған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің делегациясы "Орталық Азия - Қытай" форматындағы Хатшылығының қызметі бойынша 4-ші консультацияларға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шараға Орталық Азия елдері және ҚХР дипломаттары қатысты.
Консультациялар барысында тараптар көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады. Іс-шараның негізгі күн тәртібі 2024 жылғы 30 наурызда ашылу салтанаты өткен "ОА - ҚХР" форматындағы Хатшылықты құру жөніндегі құжаттарды келістіру мәселелерін қамтыды.
Сонымен қатар аталған іс-шара аясында Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесу өтіп, осы форматтағы өзара іс-қимыл келешегі туралы пікір алмасылды.
Келіссөздер дәстүрлі достық және іскерлік атмосферада өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.12.2025, 14:49 486
Қазақстан БҰҰ-да Халықаралық еріктілер жылының тұсаукесер рәсіміне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БҰҰ штаб-пәтерінде 2026 жылғы Орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылының (Халықаралық еріктілер жылы) ресми басталуына арналған жоғары деңгейдегі рәсім өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан, Германия және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен іс-шараға мүше мемлекеттер, азаматтық қоғам, академиялық орта мен жеке сектор өкілдері қатысып, еріктілік қызметін 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібін іске асырудағы маңызды тетік ретінде ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және БҰҰ Бас Ассамблеясының 78/127 қарарымен жарияланған Халықаралық жыл еріктілердің тұрақты даму мен жаһандық орнықтылықты нығайтуға қосатын үлесін мойындауға және күшейтуге бағытталған.
Бас Ассамблея Төрайымы Анналена Бербок кіріспе сөзінде еріктілерді "тұрақты дамудың тірегі" деп атады.
Президент Қ.Тоқаев бейнеүндеуінде Халықаралық жылдың басталуын ресми түрде құптап, күрделі жаһандық жағдайда еріктілік "қуатты жасампаз күшке" айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы еріктілердің адам өмірін сақтау, қиындыққа душар болған жандарға жәрдемдесу және қоғамдағы ынтымақты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Президент Қ.Тоқаев табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге мыңдаған азаматты жұмылдырған "Таза Қазақстан" акциясы мысалында мемлекеттің еріктілік қозғалысын дамытуға бейілділігін атап өтті. Сонымен қатар Президент Алматы қаласының БҰҰ қолдауымен халықаралық ынтымақтастық хабы ретінде стратегиялық дамыту жоспарларын, оның ішінде БҰҰ Еріктілер бағдарламасының субөңірлік кеңсесінің ашылуын жариялады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те жаһандық қоғамдастыққа және қызмет атқарып жүрген БҰҰ-ның 14 мың еріктісіне арнайы үндеуін жолдады. "Саяси алауыздық пен әлеуметтік оқшаулану кезеңінде еріктілік адамдар арасындағы байланысты нығайту және ортақ адами құндылықтарымызды күшейтудің қуатты құралы. Дағдарыс пен белгісіздік уақытында сіздер армандаған өзгерістің бастамашысы бола аласыздар" - деді ол.
Іс-шарада Қазақстан атынан қатысқан Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елдегі азаматтық қатысудың жаңғыртылып жатқаны туралы айтып берді. "Қазақстан үшін Халықаралық жыл - мейірімділік, бірлік және ортақ жауапкершіліктің салтанаты" - деп атап өтті ол. Ол жасанды интеллектті пайдалана отырып, төтенше жағдайларға әрекет етуді оңтайландыратын "цифрлық еріктілер" санының артып келе жатқанын атап өтіп, бүгінде Қазақстанда 300 мыңға жуық белсенді ерікті бар екенін хабарлады. Ж.Мәдиев алдағы Еріктілер жылы аясындағы Іс-шаралар жоспарын таныстырды, оның ішінде Арал және Каспий теңіздерін қалпына келтіруге бағытталған экологиялық бастамалар бар.
Салтанатты рәсім барысында 2026 жылғы "Әлемдегі еріктіліктің жағдайы туралы баяндаманың" таныстырылымы өтті. Бұл стратегиялық құжат алдағы науқанның негізін қалауға бағытталып, еріктіліктің бейбітшілікті нығайту мен гуманитарлық көмек көрсету салаларындағы маңызды рөлін айқындайды.
Қазақстан БҰҰ-ға барлық мүше мемлекетпен тәжірибе алмасуға және осы Халықаралық жылды нақты іс-әрекеттер, өзара қолдау және жасампаз шешімдер кезеңіне айналдыру үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын" - деп түйіндеді Ж.Мәдиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 12:43 1296
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Достарға айту
Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 11:41 1631
Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен.
Сондай-ақ Финляндия Президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 09:46 1096
Қазақстан СІМ басшысы Аустрияның бизнес өкілдерімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аустрияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев елдің жетекші өнеркәсіптік және инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара машина жасау, көлік, жасыл металлургия, инновациялар және жоғары технологиялар салаларында жұмыс істейтін аустриялық компанияларды біріктірді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге "ÖBB", "Lasselsberger Group", "Primetals Technologies Austria GmbH", "AVL List GmbH", "Steyr Automotive", "Rosenbauer International", "Magnatech GmbH" сияқты Аустрияның өнеркәсіптік әрі технологиялық бейнесін айқындайтын компаниялардың өкілдері қатысты.
Министр инвесторларға Қазақстан экономикасындағы негізгі үрдістер туралы ақпарат беріп, Аустрияның сенімді еуропалық серіктес ретіндегі орнын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда "Lasselsberger Group", "Liebherr", "Andritz Hydro", "Swarovski" секілді брендтерді қоса алғанда, аустриялық қатысуы бар шамамен 170 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар Қазақстан Аустрия үшін мұнай импортының негізгі бағыттарының бірі - елдің мұнай жеткізілімдерінің 40%-дан астамы қазақстандық үлеске тиесілі.
Келіссөздер барысында тараптар машина жасау, жасыл металлургия, көлік жүйелерін жаңғырту, шикізатты қайта өңдеу және зияткерлік технологияларды енгізу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Ауыл шаруашылығы өнімі, металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және IT-қызметтер бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуетін күшейту мәселелеріне де назар аударылды.
Сонымен қатар аустриялық компанияларға өндірістерді орналастыру, технологияларды локализациялау және Орталық Азия нарықтарына қол жеткізуді кеңейту бағытында жаңа мүмкіндіктер ұсынылды.
Аустрия бизнесі Қазақстанға жоғары сенім білдіріп келеді. Біздің ынтымақтастығымыз технологиялық даму, ұзақмерзімділік және ортақ прогреске деген ұмтылысқа негізделген. Қазақстан тұрақты макроэкономикалық орта, өңірлік нарықтарға шығу және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай ұсынады. Аустриялық компанияларды өз қызметін кеңейтіп, жаңа бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз", - деді Қазақстан СІМ басшысы.
Е.Көшербаев Қазақстанның тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша өңірлік көшбасшылығын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 470 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынғаны - халықаралық серіктестердің тұрақты қызығушылығы мен сенімінің дәлелі.
Тараптар инвестициялық және индустриялық жобаларды одан әрі егжей-тегжейлі пысықтап, екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен бизнес топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 22:59 73401
Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Вена қаласына сапары аясында Аустрия Республикасының Парламенті Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Cұхбат барысында қазақ-аустрия қарым-қатынастарының қазіргі күйі мен келешегі, Еуропалық одақпен серіктестікті тереңдету және ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Министр екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі кеңейту маңыздылығына назар аударды.
Аустрия тарапы Қазақстан мен ЕО арасындағы белсенді саяси диалогты және Астананың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.
Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастығын жандандыруға уағдаласып, тұрақты кездесулерді қолдауға ниет білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 21:56 73876
АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Магжан Ілиясов Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарын жүзеге асырып, оның аясында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапардың негізгі шарасы АҚШ-тың сараптамалық, іскер және қаржы топтарынан 40-тан астам өкілді біріктірген "Bridging Continents: Kazakhstan’s Strategic Role in West-East Trade" атты дөңгелек үстел болды. Қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, транзиттік дәліздерді кеңейту, аса маңызды минералдарды жеткізу және Шығыс-Батыс бағыты бойынша байланыстылықты күшейту мәселелерін талқылады.
Елші Мемлекет басшысының Вашингтон қаласына жасаған сапары мен "C5+1" Саммитінің негізгі қорытындыларымен бөлісіп, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бұл үдеріс 17 млрд долл. асатын коммерциялық келісімдердің қол қойылуымен расталды.
АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші әрі серпінді дамып келе жатқан экономика ретінде сипаттап, елдің Орта дәлізді ілгерілетуге және тұрақты көлік-логистикалық тізбектерді қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімі оң қабылданып, логистика, ауыл шаруашылығы, су технологиялары және цифрлық қызметтер салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, елдің халықаралық аренадағы дипломатиялық рөлін күшейткені аталып өтті.
Сапар шеңберінде Елші АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерімен кездесіп, аса маңызды минералдарды өндіру және қайта өңдеу жобаларына америкалық бизнестің қатысу перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтарын талқылады.
Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі "The Explorers Club" ұйымының Президенті Ричард Уизмен кездесу болды. Кездесу барысында халықаралық зерттеу бастамаларын дамыту және Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету мәселелері қарастырылды.
Бұдан бөлек, М.Ілиясов дипломаттар арасындағы бейбітшілік пен халықаралық тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғаларды марапаттауға арналған "Diwali Foundation USA" ұйымы тарапынан "Diwali Stamp - The Power of One" сыйлығымен марапатталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 20:48 74126
Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы өтіп, онда тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халифа Әл-Харисидің төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына комиссияның қазақ және оман бөліктерінің мүшелері, сондай-ақ Оман Сұлтандығының министрліктерінің, ведомстволарының және басқа да мемлекеттік басқару органдарының шақырылған басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысының алдында тараптар делегациялары басшылары шағын құрамда мазмұнды келіссөздер жүргізді, онда екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және оның одан әрі қарай даму келешегін талқылады.
Отырыс барысында тараптар елдер арасындағы қатынастардың келешегін атап өтіп, қол жеткізілген оң барыста дамытуға ортақ міндеттемені растады.
Іс-шара инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық, көлік және логистика, коммуникация және технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, фармацевтика, энергетика және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттесу сияқты көптеген мәселелерді қамтыды.
Отырыс қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссия тараптары бірлескен Хаттамаға қол қойып, Астана қаласында келесі отырысты өткізу туралы уағдаласты.
Сонымен қатар, Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыровтың көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің, Сауда, индустрия және инвестицияларды ілгерілету министрлігінің және "Oman Investment Authority" басшылығымен жұмыс кездесулері өтті. Онда Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты одан әрі қарай дамыту келешегі және оны кеңейту жолдары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 19:42 74416
Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев осы елде аккредиттелген Азия өңірі мемлекеттері дипломатиялық өкілдерінің басшылары қатысқан іс-шара аясында Корольдіктің Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбареспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оның барысында испан сыртқы саяси ведомствосының басшысы жақын арада жарияланатын "Испанияның Азия стратегиясы" аясында Мадридтің Азия құрлығымен байланыстарды нығайтуға бейілділігін атап өтті. Аталған құжат алдағы кезеңге арналған өзара іс-қимылдың негізгі бағдарларын айқындайтын болады.
Азия-Тынық мұхиты елдері елшілері тобының (ASPAC) атынан және оның төрағасы ретінде сөз сөйлеген Д. Мұсаев Корольдіктің өңір мемлекеттерімен әріптестікті тереңдетуге деген ұмтылысын құптады. Ол өңіраралық өзара байланыстылықты нығайтудың өзектілігін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге жоғары қызығушылық бар екенін жеткізді. Түрлі деңгейлердегі тұрақты өзара сапарлар мен екіжақты және көпжақты алаңдарда мазмұнды диалогты қолдаудың маңызына айрықша назар аударылды.
Осы тұрғыда стратегиялық сипаттағы қазақ-испан қатынастарының дәйекті дамуы атап өтіліп, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша мұндай форматтағы кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 16:59Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды 01.12.2025, 12:48 73746Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда05.12.2025, 17:41 73446Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады05.12.2025, 18:39 73101Қазақстан мен Аустрия индустриялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауда05.12.2025, 16:37 73056Сеулде "Travel Kazakhstan" туристік жолсілтеменің тұсаукесері өтті
13.11.2025, 17:40 176661Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175131Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151876Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146416Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146066Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

