01.12.2025, 12:48 73526

Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда

Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда
Сурет: gov.kz
Түркістанда "Turkistan Investment and Tourism Forum - 2025" халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға 300-ден астам отандық және шетелдік компаниялар қатысты. Форумға Шэньси, Сычуань және Хубэй провинцияларынан келген делегациялар Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен тартылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Форум аясында ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, логистика, туризм және кадр даярлау бағыттары бойынша негізгі инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды. Қатысушыларға "Түркістан - Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері" тақырыбы бойынша өңірдің жоғары инвестициялық әлеуеті көрсетілді.

Спикерлер қатарында Қазақстанның Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь және қытай провинцияларының өкілдері болды. Өз сөзінде қазақ дипломаты Сианьда орналасқан қазақстандық құрғақ порттың жаңа логистикалық орталық ретіндегі рөлін атап өтіп, қазақстандық өнімді ілгерілету үшін Сиань мен Чэнду қалаларында "Оңтүстік өңірдің Сауда үйін" ашуды ұсынды.

Өңіраралық кездесулер барысында инвесторлар аудан әкімдері және жергілікті кәсіпкерлермен нақты жобаларды талқылады. Бірқатар компаниялар Түркістан облысының АЭА аумағында өкілдіктерін ашуға дайын екендерін білдірді. Қатысушылар форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны