03.03.2026, 23:27 4856
Скопьеде Қазақстанның саяси реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопьедегі жетекші Әулие Кирилл мен Мефодий университеті (UKIM) басшылығының шақыруымен студенттер мен ғалымдар және бірнеше Еуропа елдерінің академиктерінің қатысуымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында "Қазақстан: жаңғырту мен реформалаудың жаңа кезеңі" атты арнайы сессияда құрметті қонақ ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталмыш іс-шара Солтүстік Македониядағы БҰҰ кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған "Жастар таланттарын дамытуды ілгерілету" атты 8-ші халықаралық апталық 2026 аясында өтті.
Елші Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы басымдықтары, цифрландырудың қарқынды процесі және Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығы туралы баяндады.
Қазақ дипломаты алдағы 15 наурызда жаңа Конституцияның жобасын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумға ұласқан Президент Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Конференцияға қатысушыларға вице-президент институтын енгізу, үкіметке парламенттік бақылауды күшейту және конституциялық түрде бекітілген құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері сияқты негізгі жаңа өзгерістер жөнінде айтылды.
Қазақстандағы отбасы мәселесіне ерекше назар аударылды. С.Бұршақов бұл саладағы мемлекеттік саясат дәстүрлі құндылықтарды заманауи әлеуметтік қолдау шараларымен біріктіруге бағытталғанын атап өтті. Жаңа Конституция жобасында некенің еркек пен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілгені дәстүрлі құндылықтарды қорғау және әйелдер құқықтарын заң тұрғысынан қорғауды күшейту шара ретінде тұжырымдалған ереже екені атап өтілді.
Тыңдаушыларды көптеген елдермен салыстырғанда туу деңгейінің өте жоғары болуына байланысты Қазақстанның динамикалық демографиялық көрсеткіштері, сондай-ақ балалар мен жастарды қолдау бағдарламалары ерекше қызықтырды.
Еліміздегі университеттік білім беруді дамыту перспективалары және македониялық білім беру мекемелері үшін ынтымақтастық мүмкіндіктері таныстырылды. Елші С.Бұршақов "Болашақ" бағдарламасының және Қазақстандағы жетекші әлемдік университеттердің филиалдарының оң тәжірибесін атап өтті.
Университет аудиториясына сондай-ақ Қазақстан, оның дәстүрлері және халқы туралы бейнероликтер мен фотослайдтар көрсетілді. Баяндамадан кейін С.Бұршақов конференцияға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.03.2026, 02:33 3891
Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Аргентина Елшісі Игнасио Феррер Виейраны қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.
Тараптар Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мен көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аргентина серіктестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 22:25 4611
Брюссельде Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы таныстырылып, "Shanyraq Dialogues" диалогтық платформасы іске қосылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Еуропалық Одақ астанасындағы Қазақстан Елшілігінде Еуроодақтың негізгі институттарының, Брюссельдің ресми және сарапшылық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы мен алдағы референдумды талқылау өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Пікірталас Қазақстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік құрылымдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам өкілдері арасында мазмұнды пікір алмасуға арналған ашық алаң болуды көздейтін "Shanyraq Dialogues" атты жаңа диалогтік платформаның ресми ашылуы аясында ұйымдастырылды.
Шараны Қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшісі, Еуропалық Одақ және НАТО жанындағы Тұрақты өкілі Роман Василенко ашты. Ол геосаяси тұрақсыздық пен жаһандық белгісіздік жағдайында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның қазіргі кезеңі туралы айтып, оның елдің ішкі дамуы мен еуропалық серіктестермен өзара іс-қимылдағы маңызын атап өтті.
Р.Василенко 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізілетінін хабарлап, бұл реформалық бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саяси жүйені ауқымды жаңғыртудың бір бөлігі екенін айтты. Оның айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді, ашық әрі есеп беретін моделін қалыптастыруға бағытталған.
Жобаны әзірлеу үдерісі бұрын-соңды болмаған ашықтықпен өткендігі аталып өтті. Қазақ дипломаты парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобы, кейіннен түрлі қоғамдық және өңірлік топтардың кеңінен өкілдік етуін қамтамасыз еткен 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылғанын жеткізді. Ол Қазақстан тарихында алғаш рет комиссия отырыстары тікелей эфирде көрсетіліп, жоба мәтінінің аралық нұсқасы бүкілхалықтық талқылау үшін жарияланғанын атап өтті. Нәтижесінде азаматтардан шамамен 10 мың ұсыныс пен пікір түсіп, олардың бірқатары референдумға шығарылған Конституция жобасында көрініс тапты.
Ұсынылып отырған басты институционалдық жаңашылдықтарды таныстыра отырып, Елші құжаттың адамға бағытталған сипатына ие екенін және құқықтар мен бостандықтарды қорғау кепілдіктерін күшейтетінін ерекше атап өтті. Ол іс-шара қатысушыларының назарын мемлекет егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және унитарлық сипатын өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітуге, өлім жазасына тыйым салуды растауға, сондай-ақ азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты жаңа нормаларды енгізуге аударды.
Р. Василенко жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстанның Еуропалық Одақ және оған мүше мемлекеттермен стратегиялық әріптестігіне қосымша серпін беруі мүмкін екенін білдірді. Оның айтуынша, институттарды нығайту, ашықтықты арттыру және адам құқықтарына бағдар ұстану құқық үстемдігі мен диалог қағидаттарының ортақтығы негізінде одан әрі жақындасуға ықпал етеді.
Іс-шарада шақырылған спикер ретінде "EUalive" еуропалық онлайн-басылымының негізін қалаушы және бас редакторы Георги Готев сөз сөйлеп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар үшін болып жатқан үдерістердің маңызына сараптамалық көзқарасын ұсынды.
Баяндамалардан кейін жанды әрі сындарлы атмосферада сұрақ-жауап сессиясы өтті. Іс-шара қонақтары конституциялық реформаның егжей-тегжейіне, оны іске асыру тетіктеріне, сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесінің даму перспективалары мен еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне шынайы қызығушылық танытты. Талқылау ашық әрі мазмұнды сипатта өтіп, қатысушыларға пікір алмасып, реформаның ең өзекті қырлары бойынша жан-жақты түсіндірмелер алуға мүмкіндік берді.
Іс-шара жаңа диалогтік платформаның кәсіби әрі мазмұнды пікірталас алаңы ретінде сұранысқа ие екенін растады. "Shanyraq Dialogues" платформасының іске қосылуы Қазақстан мен еуропалық серіктестер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы жаңа қадам болып, даму мен ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша ашық пікірталастарға дайын екендігін көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 21:30 4196
UPD: Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Сыртқы істер министрлігі құзыретті органдармен бірлесіп, шиеленіс аймағынан азаматтарды шығару бойынша алғашқы эвакуациялық рейстерді ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматы-Масқат-Алматы бағыты бойынша екі рейс жоспарланған.
Сейсенбі күні таңертеңгі уақытта 278 қазақстандықтан құралған алғашқы топ Дубайдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлерімен бірге Масқатқа қарай жерүсті көлігімен жолға шықты. БАӘ және Оман шекарасында азаматтарға шекаралық рәсімдерден жедел өтуді қамтамасыз ету үшін консулдық қолдау көрсетілді.
Кейін осы бағыт бойынша 189 қазақстандықтан тұратын екінші топтың ұшуы жоспарланған. Осылайша, жалпы саны 467 Қазақстан азаматы елге оралады.
Әуе рейстерінен бөлек эвакуация жерүсті бағыттары арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның Тегеран, Ашхабад және Горгандағы мекемелері Иран-Түрікменстан шекарасындағы "Инчебурун" өткізу пункті арқылы 15 ҚР азаматының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. Оларға әрі қарай Ақтау қаласына жетуіне қажетті қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ, Тегеран және Еревандағы дипломаттар Иран аумағынан "Заркух" компаниясының 35 қызметкерінің Иран-Армения шекарасы арқылы автобуспен шығуына жәрдем көрсетті.
Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін сол жердегі жұмысты үйлестіруді жалғастырып, азаматтармен тұрақты байланыста болуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 21:21 4821
Берлинде Қазақстандағы саяси реформалар барысы оң бағаланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде "Қазақстан Республикасының конституциялық‑құқықтық жүйесін жаңғырту" тақырыбында жаңа Конституцияны қабылдауға арналған алдағы Республикалық референдумға орай Дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс‑шараға Германия мемлекеттік органдарының өкілдері, неміс сарапшылары, сондай‑ақ ГФР‑дың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов геосаяси трансформациялар жағдайында Қазақстан саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын, оның негізгі элементі Конституциялық реформа болып табылатынын атап өтті. Дипломат жаңа Конституция жобасы елдің әлеуетін нығайтуға, мемлекеттік тұрақтылықты арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңірек қорғауды қамтамасыз етуге деген ұмтылысты көрсететінін айтты.
Негізгі баяндамамен Германияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Тило Клиннер сөз сөйледі. Ол жаңа Конституция жобасы билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етуге, парламенттік тетіктерді күшейтуге және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Diplo.news" бас редакторы Гудрун Дометайт Конституция жобасын ашық қоғамдық талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мемлекеттік құрылымды реформалау үдерісіне қоғамды кеңінен тарту және ашықтық деңгейін көрсетіп отырғанын айтты. Сондай‑ақ ол құрылып жатқан жаңа "Халық кеңесі" институтының міндеттері мен болашақ Құрылтайдың өкілеттіктері туралы сұрады.
Талқылауға Германия Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы Статс‑хатшысы, Елші Ханс‑Фридрих фон Плётц те қатысты. Ол 2022 жылғы реформалар неғұрлым теңгерімді саяси жүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болғанын, ал жаңа Конституция осы бағытты қисынды түрде жалғастырып отырғанын атап өтті. Сондай‑ақ ол Қазақстанның жаңа жаһандық сын‑қатерлерге бейімделуге ұмтылып, сонымен бірге тұрақтылық пен сабақтастықты сақтап отырғанын айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы референдум Қазақстанның саяси дамуының маңызды кезеңі болып, демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және елдің одан әрі прогрессивті дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Жалпы, қатысушылар Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайдағы ел тәуелсіздігін нығайту мен дамытудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 20:18 5026
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық талаптарды жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша кезекті келіссөздер өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астанада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің екінші раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, азаматтардың ұтқырлығын дамытуға, қоғамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға және көші-қон саласындағы өзара іс-қимылдың тұрақты әрі болжамды құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған болашақ келісімдердің жобалары талқыланды. Сонымен қатар сапарларды жеңілдету мен қауіпсіздік мәселелеріне теңгерімді тәсілді қамтамасыз етуге, рәсімдерді жетілдіруге, өзара сенім мен тараптардың жауапкершілігін нығайтуға ерекше назар аударылды.
Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді дамыту аясында тараптар екіжақты қатынастардың кемелденген әрі стратегиялық сипатын айқындайтын заманауи ұтқырлық тетіктерін жетілдіруге өзара ұмтылысты көрсетті.
Еуропалық әріптестердің сөздерінде Қазақстанның көші-қон саясаты саласындағы мәселелерді шешудегі сындарлы әрі прагматикалық тәсіліне жоғары баға берілді, сондай-ақ келіссөздер үдерісін жалғастыруға және сарапшылық өзара іс-қимылдың орнықты серпінін қолдауға дайындық білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 19:16 5566
Норвегия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Норвегия Корольдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Хелене Санд Андресеннен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар қазақ-норвег саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтығы мәселелерін талқылады.
Министрдің орынбасары Қазақстан Норвегиямен қарым-қатынасты жан-жақты нығайтып, өзара тиімді сауда-инвестициялық серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Осыған байланысты, Қазақ-норвег іскерлік кеңесінің екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа салаларды айқындаудағы маңызды рөлі аталып өтті.
Кездесу соңында Министрдің орынбасары Норвегия Елшісіне Қазақстандағы миссиясына табыс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 16:13 5766
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығына арналған дәріс өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордалық жоғары оқу орнында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығының басым бағыттарына арналған ашық дәріс өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен БҰҰ-ның Елдік кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 34 жылдығына арналды. Кездесуге студенттер, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен жас мамандар қатысты.
Сөз сөйлеу барысында спикерлер Қазақстан мен БҰҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, халықаралық бастамаларды іске асыру, сондай-ақ еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі, Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы және елдегі БҰҰ агенттіктерінің жұмысы туралы өз пайымдарын ұсынды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Теменов еліміздің БҰҰ алаңында өңір мүдделерін ілгерілетудегі жетекші рөлі және Қазақстанның Ұйымдағы басымдықтары туралы айтып кетті. Бұл орайда, халықаралық қатынастар мамандарын даярлаудағы ЕҰУ-дың ерекше рөлін атап өтті.
Сондай-ақ баяндамамен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы К. Абдулганиев, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының аға сарапшысы С. Савельев және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілінің орынбасары С. Ходжиматов еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша атқарып отырған қызметі, жаһандық ядролық қарусыздану процесіне қосқан үлесі туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу студенттердің халықаралық қатынастар мен дипломатияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды білім беру және ақпараттық іс-шара болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 13:37 33691
Қазақстан мен Нидерланд саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Нидерланд сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал Нидерланд делегациясын Нидерланд Сыртқы істер министрлігі Саяси мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары Юст Фламанд басқарды.
Нидерланды Қазақстан үшін екіжақты негізде де, сондай-ақ Еуропалық одақ аясында да маңызды әрі жақын серіктес болып табылады. Соңғы үш онжылдықта біздің елдеріміз ортақ құндылықтар мен мақсаттарға, өзара құрмет пен сенімге негізделген берік серіктестік қатынастарды қалыптастырды", - деп кездесу барысында атап өтті А.Исетов.
Тараптар саяси диалог, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды қоса алғанда Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығының қазірі мен келешегін талқылап, өзекті өңірлік және жаһандық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Ведомствоаралық консультациялар күн тәртібіне Нидерланды тиімді реттеудің бірегей нәтижелерін көрсетіп отырған су ресурстарын басқару мәселесі шығарылды.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты өзара құрмет, ашықтық пен прагматизм рухында одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.03.2026, 10:18Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті 03.03.2026, 13:37 33191Қазақстан мен Нидерланд саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді03.03.2026, 12:34 32621Қазанда Жамбыл Жабаев мұрасы бойынша шығармашылық кеш өтті03.03.2026, 11:30 32606Ереванда экология саласындағы қазақ-армян ынтымақтастығы талқыланды03.03.2026, 16:13 4201Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығына арналған дәріс өтті
26.02.2026, 17:47 227411Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 227396Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 227366Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 227346Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 22:48 227331Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты
26.02.2026, 17:47 227411Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 227396Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:04 227366Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 23:25 227346Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 22:48 227331Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты

