27.05.2013, 09:43 50924

Алтын айыратын фабрика іске қосылмақ

"Алтыналмас" алтын компаниясы алдағы 3-4 жылда Жамбыл мен Қарағанды облыстарындағы кеніштердегі алтын өндірісін 200 мың унцияға жеткізбек.

Қарағанды. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Алтын айыратын фабрика іске қосылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алтыналмас" алтын компаниясы алдағы 3-4 жылда Жамбыл мен Қарағанды облыстарындағы кеніштердегі алтын өндірісін 200 мың унцияға жеткізбек.

Оның 120 мыңы Жамбыл облысындағы Ақбақай, 80 мыңы Қарағанды облысындағы "Пустынное" кен орнында өндірілетін болады. Бұл туралы "Алтыналмас" алтын компаниясы" АҚ Ақбақай филиалының директоры Марат Аусабаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ақбақай алтын айыру фабрикасы биыл алтын өндіруді 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайтпақ. Ал келесі жылы оны биылғы көрсеткіштен 20-30 пайызға арттырмақ. Мәселен онда 2011 жылы - 20 мың, 2012 жылы - 35 мың унция алтын өндірілген еді. 2015 жылы ол 120 мың унцияға жеткізілгелі отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны