20.01.2026, 12:31 596
Аралық қорытындылар: 36 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2026 жылғы 10 қаңтарында басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 57 балды құрады. Ең жоғары нәтиже - 131 балл.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 94 ереже бұзушылық анықталды. 56 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.01.2026, 14:31 846
Мектеп оқулықтарын дайындау және сараптамадан өткізу: Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін өзгерістер енгізілді
Достарға айту
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) дайындауға, сараптауға және мониторингтеуге байланысты нормативтік базаны жаңарту және негізгі процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.
Өткен жылдың ақпан айында орта білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторингтеу және басып шығару қағидаларына өзгерістер енгізу тапсырылды.
Өзгерістерде:
- уәкілетті органның жекелеген баспаларға сұрау салмай тақырыптық жоспарды бекітуі;
- тақырыптық жоспарды міндетті түрде жариялау;
- авторлық ұжымға тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш білікті маман қосу туралы талапты енгізу;
- оқулықтарға сараптамалық бағалау жүргізудің нақты өлшемшарттарын белгілеу;
- оқулықтарды жаңартудың 5 жылдық мерзімін сақтау үшін оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу тәсілдерін жаңарту көзделуге тиіс болды.
Нәтижесінде аталған өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 24 қарашадағы бұйрығымен бекітілді.
Жаңартылған нормалар тақырыптық жоспарды қалыптастыру тәртібін, авторлық ұжым құрамына қойылатын талаптарды, сараптамалық бағалау өлшемшарттарын регламенттейді, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сапасын мониторингтеу рәсімдерін нақтылайды.
Тақырыптық жоспар енді автоматты түрде жасалады: баспалар мен әзірлеушілер Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының www.bmso.kz интернет-ресурсы арқылы өтінім береді.
Оқулықтар мен электрондық оқулықтарды дайындауды құрамында тиісті оқыту курстарынан өткен ғалымдар, әдіскерлер және педагогтер бар авторлық ұжымнан тұратын әзірлеушілер немесе баспалар жүзеге асыратыны бекітілген.
Бұған қоса Министрлікке мектептердің кітапхана қорларын есепке алу және бақылау процестерін, сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдауды автоматтандыру тапсырылды.
Негізгі процестерді автоматтандыруды және нормативтік базаны айтарлықтай пысықтауды қамтитын қабылданған шаралар оқулықтар мен ілеспе материалдардың сапасын арттыруға, субъективтілік пен қателікке жол беру тәуекелдерін азайтуға,
сондай-ақ олардың уақытылы жаңартылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 17:01 17706
Алматының мектептері Kundelik орнына отандық электрондық журналға көшті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының шешімімен қала мектептері BilimClass электронды журналына көшеді. Бұл - толықтай қазақстандық әзірлеме: тегін мобильді қосымшасы бар, серверлері Қазақстан аумағында орналасқан. Жүйе пайдаланушылардың деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялылығына кепілдік береді және ел заңнамасын қатаң сақтайды, деп хабарлайды Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Білім басқармасының бұл шешіміне дейін мегаполистегі 15 мектепте платформаны кешенді талдау және пилоттық апробациялау жұмысы жүргізілді, олардың нәтижелері BilimClass жүйесінің барлық қажетті талаптарға сай екенін көрсетті. Көшу алдында мұғалімдер платформамен жұмыс істеуге тегін оқытылды, ал қолдау қызметі мектептерге тұрақты түрде сүйемелдеу көрсетіп, туындаған сұрақтарға жедел жауап береді.
BilimClass - бұл электронды журнал ғана емес, сонымен қатар мектепті әкімшілендіру жүйесін, оқу контентін, әдістемелік талдау мен аналитиканы қамтитын кешенді платформа. Қазіргі таңда BilimClass-ты Қазақстанның 11 өңірінде 2,5 миллион оқушы мен 350 мың мұғалім пайдаланады. Атап айтқанда: Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Платформаны іске асырумен Қазақстандағы жетекші IT-холдинг Bilim Group айналысады. Холдинг құрамына BilimLand, OnlineMektep, BilimKids, iTest, BilimUstaz, Kitap.kz, SmartNation сияқты жобалар кіреді.
Ата-аналар мен оқушылар BilimClass тегін мобильді қосымшасын пайдаланып, сабақ кестесі, қатысуы, үлгерімі және үй тапсырмалары туралы толық ақпарат алады.
Педагогтер үшін платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, қашықтан сабақ өткізу мүмкіндігі, өз сабақтарын қосу, интерактивті тапсырмалар, БЖБ/ТЖБ каталогы, чат және оқушылармен кері байланыс құралдары қарастырылған.
BilimClass жүйесіне көшу оқу үдерісіне әсер етпеуі үшін арнайы қысқы демалыс кезеңіне жоспарланды. Осы уақыт ішінде мұғалімдер платформамен жұмыс істеуге дайындықтан өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 16:23 22091
ҚР-да жасанды интеллект университеті құрылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект бойынша арнайы университет құрылады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министр университет индустрияның сұраныстарына сәйкес пәнаралық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталатынын атап өтті.
Оқу орны Alem.ai экожүйесіне біріктіріліп, жетекші шетелдік университеттермен және технологиялық компаниялармен әріптестікте дамиды.
Бүгінгі таңда жасанды интеллектті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар алда жасанды интеллект университетін құрумен қатар бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыру міндеті тұр. Негізгі мақсат - профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100% қамту және 100 мың студентті тарта отырып, AI-Sana бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыру", - деп толықтырды Саясат Нұрбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2025, 11:59 38886
22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық білім беру бағдарламаларының топтарынан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.
Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады. ҰБТ құрылымы бұрынғы қалпында қалады: талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны - 120. Оның ішінде "Қазақстан тарихы" пәні бойынша 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды.
Айта кету керек, биыл Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлердің жеке архетипін ескере отырып, Қазақстанның оқу орындарындағы лайықты мамандық пен білім беру бағдарламасын таңдауға көмектесетін edunavigator.kz кәсіби бағдар беру платформасын іске қосты. Платформа болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындарына түсу кезінде сенімділікті арттырады.
ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру мақсатында байқау сынақтары іске қосылды. Оқу жылының басында Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында талапкерлерге арналған көмекші материалдар жарияланды. Атап айтқанда, ұсынылатын әдебиеттер тізімі, "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 негізгі тарихи датаның тізімі, "Информатика" пәні бойынша терминдер тізімі, сондай-ақ "Қазақ әдебиеті" мен "Орыс әдебиеті" пәндері бойынша міндетті әдеби шығармалардың тізбесі ұсынылды.
Сонымен қатар тестілеу бағдарламасында барлық талапкерлер үшін калькулятор, химиялық элементтердің периодтық кестесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады.
Тестілеу уақыты - 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2025, 19:34 80631
ММУ филиалы экономикалық блоктың мемлекеттік қызметшілерін даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының директоры Александр Сидоровичпен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында филиал директоры 2024 жылы магистратурада қосымша орын бөлудің нәтижесінде бірқатар заманауи білім беру бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті. Олардың ішінде: "Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері", "Математика және деректерді талдау әдістері", "Мәдениетаралық коммуникация және аударма", "Қалалар мен өңірлердің төмен көміртекті дамуын басқару", "Қазіргі экономикадағы статистика және деректерді басқару" бар.
Бүгінде филиалда 717 студент оқыса, оның 523-і бакалавриатта, 194-і магистратурада. 2025-2026 жылдарға жаңа бағыттар бойынша бакалавриатқа қабылдау 90 орынға кеңейтілді (50 - 2025 жылы және 40 - 2026 жылы). Түлектер тарапынан қызығушылықтың артуы жаңартылған бағдарламаның қажеттілігін көрсетіп, магистратураны одан әрі дамытуға негіз болды.
Кездесу кезінде Александр Сидорович 2026 оқу жылында экономикалық блоктың мемлекеттік қызметшілерін ММУ "Ұлттық экономика және экономикалық саясат" кешкі магистрлік бағдарламасы бойынша екі жыл мерзімге оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Талапкерлердің тізімі болған жағдайда ММУ филиалы түсу емтихандарына сәтті дайындалу үшін бірқатар дәріс ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырады.
Жиын соңында Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы министрлігімен және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу тәртібімен қатар осындай оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін жан-жақты пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.11.2025, 19:40 91266
2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары белгілі болды
Сурет: instagram/bilim_jane_gylym
Достарға айту
Ұлттық тестілеу орталығы келер жылғы ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады, деп хабарлайды Inform.kz.
Орталықтың мәліметінше, ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Сонымен 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары төмендегідей болып белгіленді:
Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Оқу сауатталығы — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл — 5;
1 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5;
2 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.
Осыдан бұрын Қазақстанда ҰБТ форматы халықаралық стандарттарға сай жаңартылатыны анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 15:28 107421
Жаңа білім беру траекториясының ашылуы: ЕҰУ базасындағы ММХҚИ
Достарға айту
Еуразия ұлттық университеті базасында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) Қазақстандағы филиалы өз қызметін бастады. 2025 жылғы 1 қарашада алғашқы 103 студентке ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов студенттік билет табыс етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінен.
Студенттік билеттерді табыстау рәсімінде ММХҚИ ректоры Анатолий Торкунов филиал үшін таңдалған білім беру бағдарламаларының ең алдымен Қазақстан экономикасын, шаруашылығын және сыртқы байланыстарын дамытуға үлес қосатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталғанын атап өтті.
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ММХҚИ институтының Қазақстандағы филиалы қазақстандық-ресейлік Үкіметаралық комиссия шешімі негізінде құрылып, алғашқы студенттерін биылғы жылдың қыркүйек айында қабылдады. Оқыту бакалавриаттың "Әлеуметтік-экономикалық және бизнес-процестерді талдау мен модельдеу", "Әлемдік минералдық-шикізат және энергетикалық нарықтар" бағдарламалары және магистратураның "Қаржылық экономика және қаржы технологиялары", "Көпжақты институттар және технологиялық дамуды жаһандық басқару" бағдарламалары бойынша ресейлік және қазақстандық мамандардың қатысуымен жүргізіледі.
ММХҚИ-дың Қазақстандағы филиалының директоры Артем Мальгиннің айтуынша, бакалаврлар екі семестрді, ал магистранттар бір семестрді Мәскеуде өткізеді. Сондай-ақ ол филиалда Ресейден және Еуразия ұлттық университетінен келген оқытушылар сабақ беретінін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.10.2025, 12:12 134916
Қазақстандық мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда
Достарға айту
Жұмысшы мамандықтары жылында орта білім беру ұйымдарында 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында жалпы саны 31 000-нан астам оқушы кәсіби дағдымен қамтылмақ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мұндағы мақсат - мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру.
Осыған орай, қазақстандық мектептерде 2025-2026 оқу жылында техникалық және инженерлік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы және экология, көлік және логистика, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және мәдениет, медицина және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша бейіндік сыныптар ашылуда.
Бейіндік сыныптар 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналып, өңірдегі жұмысшы мамандықтар немесе өзге де салалар бойынша кадр тапшылығын айқындайтын әрі сол мамандықтарға бағыттайтын бейіндік мазмұнда жұмыс істейді. Бұл процеске өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер және жұмыс берушілер де атсалысады. Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 08:38Қазақстан мен Германия аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда 20.01.2026, 09:41 3906Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті қарастырылды20.01.2026, 11:22 2906Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды20.01.2026, 11:17 1531Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 12:31 386Аралық қорытындылар: 36 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды
13.01.2026, 20:35 161991Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161826Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті14.01.2026, 09:13 161531Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді14.01.2026, 08:57 161291Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді13.01.2026, 19:16 159411Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
06.01.2026, 20:48 200086Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179061Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178966Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады13.01.2026, 20:35 161991Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161826Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

