01.07.2009, 15:32 2529

Астанада 2012 жылдың аяғына таман ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешенін іске қосу жоспарлануда

Астанада 2012 жылдың аяғына таман ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешенін іске қосу жоспарлануда

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 2012 жылдың аяғына таман ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешенін іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев Қазақстандық ғарышкердің бірінші ғарыштық сапарының 15 жылдығына арналған "Қазақстан - ғарыш" атты халықаралық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Астанада 2012 жылдың аяғына таман қазіргі Франциядағы секілді ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешені іске қосылады деген кәміл сенімдеміз", - деді үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев.

"Бұл - еліміздегі ғарыш саласының тың серпілісі болмақ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны