11.01.2007, 17:39 2905

Байқоңырда 2007 жылғы бірінші ұшырылымға дайындық жүргізілуде

БАЙҚОҢЫР. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында осы жылғы алғашқы ғарыштық ұшырылымға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Федеральдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 254-алаңның монтаждау-сынақ корпусында "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-59" жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмысы жүргізілуде.

Кеше "Прогресс М-59" кораблі қозғалтқыш қондырғысына жанармай мен сұйытылған газ құю жұмыстары жүргізілген 31-алаңнан 254-алаңға жетікізіліп, арнайы стендке орнатылды. Жақын күндері ғарыш кемесіндегі бас обтекательді орнату жұмыстары жүргізіледі, сосын зымыран тасығыш пен жүк кемесін жаппай құрастыру жұмыстары жүзеге асырылады. 15-қаңтар күні "Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-59" ғарыш кемесімен бірге ұшырылымға дайындау үшін 1-алаңдағы ұшыру кешеніне жеткізіледі.

"Алдағы ұшырылым Байқоңырда 12-қаңтарда аталып өтетін отандық зымыран техникасының негізін қалаушы С. Королевтің 100 жылдық мерейтойына арналады. Қазіргі "Союздардың" баламасы - Р-7 зымыранының негізін қалаушының құрметіне кеме обтекателіне Королевтің суреті орнатылмақ",- деп хабарлады ФҒО.

"Прогресс М-59" Халықаралық ғарыш станциясына жанар-жағармай компоненттерін, 14-ші негізгі экспедиция ғарышкерлеріне су мен азық-түлік өнімдерін жеткізуге тиіс.

"Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-59" жүк кемесінің ұшырылымы 18-қаңтарға жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны