31.10.2008, 13:39 2687

Байқоңырда АҚШ-тың Telstar-11N жер серігі мен "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда АҚШ-тың Telstar-11N жер серігі мен "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңыр. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда АҚШ-тың Telstar-11N жер серігі мен "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын ДМ-SLБ үдеткіш блогымен және АҚШ-тың телекоммуникациялық Telstar-11N жер серігімен қоса 2008 жылдың желтоқсан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Telstar-11N ғарыштық аппаратын "Лорал Скайнет" фирмасы жасаған, оның Ku-диапазондағы 39 транспондері бар. Telstar-11N жер серігі Орталық және Солтүстік Америкада, Еуропа, Африка мен Атлант мұхитында тұтынушыларға байланыс қызметін көрсетуге арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны