24.02.2009, 18:23 2569

Байқоңырда АҚШ-тың Telstar-11N жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышы ғарыш айлағының №45 алаңындағы ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңырда АҚШ-тың Telstar-11N жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышы ғарыш айлағының №45 алаңындағы ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңыр. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда АҚШ-тың Telstar-11N жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышы ғарыш айлағының №45 алаңындағы ұшырылым кешеніне орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертең "Зенит-2SБ60зымыран тасығышы темір жол платформасымен ұшырылым кешеніне жеткізіліп, №45 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды.

Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. Ғарыш айлағының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп, жер үсті кешенін зымыранмен түйістіруде. Түйістіру жұмыстарынан кейін зымыран тасығыш пен ғарыш аппаратының жүйелері тексеріле бастайды. Ұшырылымға дейінгі екі тәулік ішінде ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін түпкілікті тексеруден өткізеді.

Telstar-11N ғарыштық аппаратын "Лорал Скайнет" фирмасы жасаған, оның Ku-диапазондағы 39 транспондері бар. Telstar-11N жер серігі Орталық және Солтүстік Америкада, Еуропа, Африка мен Атлант мұхитында тұтынушыларға байланыс қызметін көрсетуге арналған.

АҚШ-тың Telstar-11N жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышы 2009 жылдың 26 ақпанында ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны