04.03.2008, 17:03 2839

Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады

Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады

Байқоңыр. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі М.Хруничев атындағы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары "АМС-14" ғарыш аппаратын ұшырылымға дайындаудың кезекті цикліне кірісті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 92А-50 алаңның монтаж-сынақ кешенінде зымыран тасығыштың ғарыштық бас бөлігін құрастыру операциялары басталды.

Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.

"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны