29.09.2008, 18:56 2978

Байқоңырда Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңыр. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны