22.08.2008, 15:26 1214

Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының кластерлік ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 тамызда ғарыш айлағының мамандары №109 алаңда "Днепр" зымыран тасығышына жанармай құюға кірісті.

Сонымен бірге, №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында RapidEye жер серіктерін ғарыштық бас бөлікке орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

"Днепр" зымыран тасығышы (РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының конверсиялық өзгертілген түрі) RapidEye жүйесінің қашықтан зонд жүргізу және мониторинг мақсатындағы бес жер серігін мақсатты орбитаға шығаруға арналған.

RapidEye ғарыштық аппараттары ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында ұшырылым алыдндағы дайындықтан өтті, қазір олар сақтау режимінде зымыран тасығыштың бас бөлігімен түйістіруді күтуде.

Бес жер серігін алып ұшатын "Днепр" зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы 29-тамызда жүзеге асырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны