31.05.2007, 14:28 6811

Байқоңырда "DirecTV-10" ғарыштық аппаратының 20-маусымға белгіленген ұшырылымы кейінге шегерілді

БАЙҚОҢЫР. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңырда "DirecTV-10" ғарыштық аппаратының 20-маусымға белгіленген ұшырылымы кейінге шегерілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, АҚШ-тың "DirecTV-10" ғарыштық аппаратының ұшырылымы шілдеге дейін шегерілді. "Ұшырылымды кейінге шегеруді жер серігін жасаушы шетелдік компания өтінді және ол жер серігін ұшырылымға дайындау мен оның ғарыш айлағына жеткізуге байланысты",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Протон-М" зымыран-тасығышын ұшыратын күн кейін анықталады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресей жағынан ұшырылымға дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусында 28-мамырда ғарыш айлағына жеткізілген "Протон-М" зымыран-тасығышының сатыларын құрастыру және "Бриз-М" үдеткіш блогының жүйелерін тексеру жүргізіліп жатыр.

"DirecTV-10" ғарыштоық аппараты АҚШ аумағындағы ірі спутниктік телевидение операторы - "DirecTV" компаниясына тиесілі. Салмағы 3 тоннадан асатын "DirecTV-10" спутнигі жер маңы орбитасындағы 9 аппараттан тұратын жер серіктерінің тобын толықтырады. Ол 15 жылға есептелген және HDTV (High Definition Television) форматындағы айқындығы жоғары сандық телевидение хабарларын таратуға арналған. Ол АҚШ, Аляска және Гавай аралдары аумағында кабельдік және жалпыұлттық желілер арқылы хабар тарататын болады.

Осы тектес "DirecTV-8" жер серігін "Протон-М" зымыран-тасығышы Байқоңырдан 2005-жылдың 22 мамырында "Бриз-М" үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны