27.03.2007, 11:24 2603

Байқоңырда "Днепр" зымыран-тасығышының бүгінге межеленген ұшырылымы кейінге қалдырылды

БАЙҚОҢЫР. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Байқоңырда "Днепр" зымыран-тасығышының бүгінге межеленген ұшырылымы кейінге қалдырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшырылымның уақыты мен күнін өзгертуге зымыран тасығыштың жүйелерін тексеруде айқындалған техникалық ақаулар себеп болған. "Бүгін мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, ол "Днепр" зымыран-тасығышының ұшырылымын кейінге қалдыру жөнінде ақырғы шешім қабылдайды. 28-наурыз - ұшыруға болатын резерв күн", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, №109 алаңнан "Днепр" зымыран-тасығышымен "EgyptSat" және "SaudiSat-3" ғарыштық аппараттарын, "SaudiComSat" сериялы бес жер серігін, жеті университеттік "CubeSat" микроспутниктері бар "P-Pod" үш контейнерін 27-наурызда ұшыру жоспароланған болатын.

"SaudiSat-3" жер серігі жер қабатының суретін түсіру мен зонд жүргізуге, көлік ағынын бақылауға және абсқа да азаматтық мақсаттарда пайдалануға арналған. "SaudiComSat" аппараттары сателлиттік жер серіктері тобын құруға және ғарыш байланысы қызметін көрсетуге, сигналды ретрансляциялау мен арнайы передатчик орнатылған көлік құралдарының жүрген жерін бақылап отыруға арналған. "EgyptSat" жер серігі жер бетіне кешенді зерттеулер мен мониторинг жүргізуге бағытталған. Жер серіктері 5-7 жыл қызмет етеді.

"Днепр" зымыран тасығышының бұл 2006 жылдың шілдесінде апатқа ұшырауына байланысты Қазақстанның мораторий жариялауынан кейінгі бірінші ұшырылымы болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны