19.12.2007, 13:21 1999

Байқоңырда ғарыштық кешен нысандары мен мүліктерінің санағы жүргізілді

Байқоңырда ғарыштық кешен нысандары мен мүліктерінің санағы жүргізілді

Байқоңыр. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда ғарыштық кешен нысандары мен мүліктерінің санағы жүргізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Байқоңыр аумақтық комитетінің төрағасы Мағауия Ажмолдаевқа сілтеме жасап.

""Байқоңыр" кешенінде аумақтық комитет Байқоңырда жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғаларының иелігіндегі мүліктің мақсатты пайдаланылуы мен тиімділігіне, мемлекеттік республикалық меншіктегі мүліктің жалға берілуіне, "Байқоңыр" кешенінің жалға берілетін нысандарының құрамына енгізілген және оның құрамынан шығарылатын нысандардың ашық саудалардың өткізілуіне, жекешелендіруден кейінгі бақылау жағдайына тексеру жүргізді", -деді М. Ажмолдаев.

Құрамында мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Байқоңыр аумақтық комитетінің, ҚР Қаржы министрлігі мен "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің және Ресей Федерациясының өкілдері кірген комиссияның жұмыс топтары "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген нысандары мен мүлкіне санақ жүргізіп, Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің 41 кәсіпорны мен ұйымының, Байқоңыр қалалық әкімшілігіне қарасты 73 кәсіпорны мен ұйымның, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің 23 қызметі мен бөлімдерінің санақ тізбесін жасады.

"Комиссия "Байқоңыр" кешеніндегі ұйымдар, кәсіпорындар мен бөлімдердің нысандарды Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы 1994 жылдың 10 желтоқсанындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу жөніндегі келісім-шартының мақсаттарына сәйкес пайдаланып отырғанын, нысандардың негізінен техникалық тұрғыда жарамды және жұмысқа қабілетті жағдайда, ғарыштық аппараттардың ұшырылымдарын қамтамасыз етуге дайындық жағдайында тұтынылып отырғанын анықтады", - деді М. Ажмолдаев.

"Тараптардың мәмілесіне сәйкес, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді Ресей жағы Қазақстан жағымен келісілген мерзімде жояды", - деді М.Ажмолдаев.

М. Ажмолдаевтың айтуынша, Федералдық ғарыш агенттігінің, Байқоңыр қаласының әкімшілігі мен РФ Қорғаныс министрлігінің кәсіпорындары мен ұйымдарының иелігіндегі "Байқоңыр" кешенінің нысандары мен мүліктерінің пайдаланылу жағдайы мен сақталуын қадағалдау жөніндегі комиссияның негізгі жұмысы 2007 жылдың 26-шы маусымы мен 30 қарашасы аралығында жүзеге асырылды.

М. Ажмолдаевтың атап өткеніндей, пайдаланудағы нысандардың техникалық мүмкіндіктерін арттыру, ғарыштық техниканың жаңа үлгілерін сынауды қамтамасыз ету үшін Ресей жағы ғарыш айлағында жаңалау және жөндеу жұмыстарын одан әрі жүргізуде.

2003 жыл мен 2007 жылдың желтоқсан айы аралығында Байқоңыр ғарыш айлағынан 83 зымыран ұшырылды, оның 10 ұшырылымы РФ Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша, 41 ұшырылымы федералдық ғарыштық бағдарламаның жоспары бойынша, 32 ұшырылым коммерциялық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны