25.05.2007, 12:15 2351

Байқоңырда GlobalStar телекоммуникациялық жер серіктерін алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңыр. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "GlobalStar" телекоммуникациялық ғарыштық аппараттарды Жер орбитасына шығаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес еуропалық ("Старсем" және "Астриум") және ресейлік ("Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығы, самаралық "ЦСКБ-Прогресс" және А. Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік орталығы) компаниялардың мамандары "Фрегат" үдеткіш блогымен және төрт GlobalStar телекоммуникациялық ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышын кластерлік ұшыруға дайындық жұмыстарын жалғастыруда".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мамандар монтаждау және сынақ корпусының №112 алаңындағы камерада аппараттың басқы бөлігін құрастыруды аяқтады. GlobalStar блокты ғарыштық аппаратының блогы бар диспенсер "Фрегат" үдеткіш блогына орнатылды. Бұдан кейін бұл құрастырылған бөлік №112 алаңнан №31 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданып, ол жерде бас бөлік зымырын-тасығыштың үшінші сатысымен түйістірілді.

"Кесте бойынша бүгін зымыран толық құрастырылып, 27-мамырда GlobalStar телекоммуникациялық жер серіктерін алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышы ғарыш айлағының №31 алаңына шығарылады".

GlobalStar спутниктік байланыс жүйесі халықаралық телекоммуникациялық компаниялар консорциумы дыбыстық байланыс, қысқа хат қызметі, роуминг, факс байланысы және мәліметтерді жеткізу секілді спутниктік қызметтерді жалпы пайдаланушыларға ұсыну үшін жасалған.

"GlobalStar" спутниктік тобы төменгі орбитада Жер деңгейінен 1414 км биіктікте орналасатын 48 жұмыс және 4 қосымша спутниктен тұрады.

"Фрегат" үдеткіш блогымен және төрт GlobalStar спутнигімен "Союз-ФГ" зымыран тасығышын 31 алаңнан ұшыру 30-мамырға жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны