Система Orphus

Байқоңырда GLOVE-В жер серігін ұшырылымға дайындау жұмыстары жалғасуда

09.04.2008, 15:40 1126

Байқоңыр. 9-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда GLOVE-В жер серігін ұшырылымға дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі жер үсті ғарыштық инфрақұрылымын пайдалану орталығының өкілі Сергей Сергеевтің ақпаратына сілтеме жасап.

Орталық өкілінің ақпаратына сәйкес, "GLOVE-В ( техникалық жіктеу бойынша GSTB-V2/B) ғарыш аппараты №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында тексерулер циклынан өтіп, қазір жанармай құю үшін таза камераға көшірілді. Жұмыстарды StarSem компаниясының мамандары "Прогресс" орталығы мен шетелдік мамандардың қатысуымен жүргізуде.

Сонымен бірге, №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында ресейлік Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы мен "Вымпел" тәжірибелік-конструкторлық бюросының мамандары 28 -наурызда ғарыш айлағына жеткізілген "Фрегат" үдеткіш блогының дайындық жұмыстарын жүргізуде. "Фрегат" үдеткіш блогының көмегімен GLOVE-В ғарыштық аппараты 23 мың шақырымдық мақсатты орбитаға шығарылады.

Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Galileo - Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі - Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.

Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.

GLOVE-В ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны