29.02.2008, 13:36 863

Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы ұшыру кешеніне отын құйылмай шығарылды

Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы ұшыру кешеніне отын құйылмай шығарылды

Байқоңыр. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыру кешеніне отын құймай алып шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмостың" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Байқоңырда "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын алғашқы ұшырылымға дайындық жұмыстары жалғасуда.

Дайындық кестесі бойынша кеше AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын № 45 алаңының ұшыру кешеніне отын құймай алып шықты, яғни зымыранның қозғалтқышына жанармай құйылмай, ол ұшыру үстеліне орнатылып, ұшу алдындағы барлық циклдан өтіп шығады.

Ресей мен Украинаның ғарыш саласындағы мамандары зымыранды ұшыру "үстеліне" орнатқаннан кейін циклограмманы өңдеуге кірісті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "кешенді сынақ барысында ұшыру дайындығының барлық операциясы, орындалатын болады, соның ішінде үдеткіш блок оттегімен толтырылады. Зымыран отын бөлшектері құйылып алынғаннан кейін ұшыру қондырғысынан алынып, монтаждау-сынақ корпусына қайтарылып, мамандар "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын Байқоңырдан ұшыруға тікелей дайындауға кіріседі".

"Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыру кешенінде дайындау 1 - 10 тәулік ішінде жүргізіледі деп жобалануда.

Қаңтар айында Федералдық ғарыштық "Байқоңыр" орталығының, Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығының, "Вымпел" тәжірибелік конструкторлық бюросының, Ресейдің ауыр машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары бас бөлігін жинауды аяқтаған болатын.

"Зенит-3SLB" зымыран тасығышының алдағы ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының бірінші ұшырылымын 2008 жылдың наурыз айында ұшыру межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны