10.12.2008, 17:02 2885

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы бүгін ұшырылатын күн

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы бүгін ұшырылатын күн

Байқоңыр. 10 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы бүгін ұшырылатын күн, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдету блогы мен Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Бүгін №200 алаңның ұшырылым кешенінде 7 желтоқсанда ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылған "Протон-М" зымыранын ұшырылымға дайындық операциялары аяқталады.

Ғарыш саласындағы кәсіпорындардың мамандары ұшырылым кестесі бойынша жұмыс істеуде. Бүгін "Протон-М" зымыран тасығышын жанармаймен толтыру жұмыстары жасалуда.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады.

Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны