30.05.2006, 14:14 3263

Байқоңырда Қазақстанның «KazSat» жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

БАЙҚОҢЫР. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңырда Қазақстанның «KazSat» жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. 29-мамырда «KazSat» ғарыштық аппараты мен үдеткіш блокты механикалық тұрғыда құрастыру жұмыстары ақталды. ДМ-3 үдеткіш блогы мен жер серігі өзара түйістіріліп, зымыран тасығыштың басына орнатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, құрастырудан кейін бас обтекатель тексерілді. Ал бүгін бас обтекатель таңбаланды. Сондай-ақ, «KazSat» жер серігін ғарышқа шығаратын “Протон-К” зымыран тасығышының дайындықтары да одан әрі жалғасуда.

“Протон-К” зымыран тасығышы мен бас обтекатель маусымның басында құрастырылады.

“Kazsat” жер серігі 18-маусымда ұшырылады деп межеленген. Ұшыру шарасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин қатысады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны