25.06.2008, 16:45 2617

Байқоңырда "Космос" ғарыш аппараты мен "Протон-К" зымыран тасығышын ұшыруға дайындықтың екінші старт күнінің кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда "Космос" ғарыш аппараты мен "Протон-К" зымыран тасығышын ұшыруға дайындықтың екінші старт күнінің кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Космос" ғарыш аппараты мен "Протон-К" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жөніндегі екінші старт күнінің кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Кеше "Протон-К" зымыран тасығышы №200 алаңның ұшыру кешеніне шығарылды. Зымыран ойдағыдай жеткізіліп, ұшыру "үстеліне" тігінен тұрғызылды. Ғарыш айлағының мамандары екінші старт күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп кетті.

Искери мақсаттағы "Космос" сериясындағы жер серігін ғарышқа алып шығатын "Пртон-К" зымыран тасығышын 27 маусым күні Астана уақытымен 5 сағат 59 минутта (Мәскеу уақытымен 3.59) ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны