03.07.2008, 19:26 2732

Байқоңырда Measat-1R жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындала бастады

Байқоңырда Measat-1R жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындала бастады

Байқоңыр. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындала бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Қазір ғарыш айлағының мамандары айлаққа 26 маусымда жеткізілген ДМ-SLБ үдеткіш блогымен жұмыстар жүргізуде.

Малазияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігі ғарыш айлағына шілденің бірінші жартысында жеткізіледі.

Конструкциясы жағынан "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") қалқымалы платформадан ұшырылған "Зенит-3SL" зымыран тасығышына ұқсас жаңа "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылыатын осындай екінші тасығыш. Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы бірінші "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы 2008 жылдың 24-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан Астана уақытымен 11 сағатта ұшырылды.

Ал Малазияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігі мен "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын тамыздың үшінші онкүндігінде №45 алаңның ұшырылым кешенінен ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны