17.09.2008, 17:21 2697

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді

Байқоңыр. 17 қыркүйек."Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі М.Хруничев атындағы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалуға байланысты кейінге шегерілген Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күн - 20 қыркүйектің 03 сағат 44 минутына межеленді.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны