30.03.2007, 17:45 3170

Байқоңырда пилотты "Союз ТМА-10" ғарыш кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

БАЙҚОҢЫР. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Байқоңырда пилотты "Союз ТМА-10" ғарыш кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылымға дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде. "Кеше "Союз ТМА-10" ғарыш кораблі 31-ші алаңның жанармай құю станциясына жеткізілді. Онда ғарыш кемесінің қозғалтқышына отын компонеттері мен сұйытылған газ құйылды. Бүгін "Союз ТМА-10" ғарыш кемесі 254-ші алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, ол жерде кемені ұшырылымға дайындау жұмыстары аяқталады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ғарыштық орталықтан хабарлағанындай, 3-сәуірде экипаждар түсірілетін аппаратта жаттығулар жүргізеді, бұдан кейін 112-ші алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз ТМА-10" ғарыш кораблі зымыранның бас бөлігімен түйістіріледі.

Ұшу алдындағы дайындық жоспарына сәйкес, 4-сәуірде зымыран тасығыш пен ғарыш кемесі құрастырылып, 5-сәуірде "Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Союз ТМА-10" ғарыш кемесімен бірге №1 алаңға ұшырылым алдындағы ақырғы дайындықтар үшін шығарылады. 6-сәуірде мемлекеттік комиссияның жиналысы өтеді. Онда алдағы ұшырылымның негізгі және қосалқы экипажының құрамы бекітіледі.

Ал негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы ақырғы дайындықтардан өтуде. Ресейлік ғарышкерлер Фёдор Юрчихин мен Олег Котов, сондай-ақ, АҚШ-тың ғарыштық турисі Чарльз Симони қосалқы экипаж мүшелерімен бірге тренажерларда жұмыс істеп, борт құжаттарын зерттеуде.

Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15 басты экспедицияның экипажы мен "Союз ТМА-10" кемесін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша 21 сағат 31 минутқа белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны