04.08.2008, 16:56 2636

Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңыр. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары кесте бойынша 25 шілдеде ғарыш айлағына жеткізілген "Прогресс М-65" жүк кемесінің жүйелерін тексеріп, сынақтан өткізуде.

Сонымен біруақытта №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында Самарадағы "Прогресс" КБ филиалының мамандары жүк кораблін орбитаға шығаруға арналған "Союз-У" зымыран тасығышын дайындай бастады.

"Союз-У" зымыранының блоктары мен сатыларын құрастыру жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

"Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-65" жүк кораблін ұшыру 2008 жылдың 10-шы қыркүйегіне межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны