20.10.2006, 13:22 3092

Байқоңырда "Прогресс" жүк таситын кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

БАЙҚОҢЫР. 20-қазан. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс М-58" жүк таситын кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін 112-алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-58" жүк таситын кораблі түйістіріле бастады. Сенбіде "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін ұшыру кешеніне шығарылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-58" жүк таситын кораблі 23-қазанда Астана уақытымен 19 сағат 40 минутта ұшырылады.

"Прогресс М-58" жүк таситын кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, су және 14-негізгі экспедициядағы ғарышкерлерге арналған азық-түлік тауарлары, ғылыми жабдықтар мен Ресейдің "Электрон" оттегін регенерациялау жүйесін қайта іске қосуға арналған жабдықтарды жеткізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны