08.07.2009, 15:44 2474

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын дайындауға қатысты жұмыстар басталды

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын дайындауға қатысты жұмыстар басталды

Алматы. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын дайындауға қатысты жұмыстар басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең Байқоңыр ғарыш айлағының 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусында ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары Байқоңырға кеше жеткізілген "Протон-М" зымыран тасығышын дайындауға қатысты жұмыстарды бастады. Қазір зымыран блоктары мен оның қосалқы бөлшектері вагондардан түсірілуде.

"Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге 2009 жылғы тамызда орбитаға "АзиаСат-5" телекоммуникациялық ғарыштық аппаратын шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны