22.01.2008, 12:45 1732

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастыру жұмыстары аяқталды

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастыру жұмыстары аяқталды

Байқоңыр. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігін құрастыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағында 2008 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындық жұмыстары соңғы сатыға көшті.

Кеше 21 қаңтарда 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары "Протон-М" зымыран тасығышының құрастыру жұмыстарын аяқтады. "Протон-М" жинастырылғаннан соң оны "Бриз-М"төменгі қысымдағы үдеткіш блогындағы бактарындағы отынмен қамтамасыз ету үшін, ол отын құю стансасына жеткізілді.

Күн кестесі бойынша отын құйылғаннан кейін "Протон-М" ракета тасығышы ұшырылуы алаңының дайындық кешенінен ауыстырылады.

"Протон-М" РЗ "Экспресс-АМ33" ҒА ұшырылу алаңына 25 қаңтарда қойылады деп жоспарланған. Олардың ұшырылу жұмыстарын одан әрі қарай дайындап, "Протонды" алаңға тұрғызу жөнінде шешім Мемлекеттік комиссиясының отырысында 24 қаңтарда шығарылады.

"Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. "Экспресс-АМ33" байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда "ғарыштық қоқыспен" соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған "Экспресс-АМ11" геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны