29.01.2009, 17:48 3054

Байқоңырда "Протон-М" зымыранының ғарыштық бас бөлігі "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерімен құрастырылуда

Байқоңырда "Протон-М" зымыранының ғарыштық бас бөлігі "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерімен құрастырылуда

Байқоңыр. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерімен құрастырылуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бриз-М" үдету блогы ғарыштық мақсатты "Протон-М/Бриз-М" зымыранының құрамында "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін орбитаға шығару үшін пайдаланылады.

"Экспресс-АМ44" және "Экспресс-МД1" жер серіктері "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2009 жылдың 11 ақпанында ұшырылады.

"Экспресс-МД1" ғарыштық аппаратын "Космическая связь" ФҒӨБ тапсырысы бойынша М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы мен Thales Alenia Space итальяндық бөлімшесі жасап шығарған. Жер серігі Ресей Федерациясының спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесінде түрлі бағыттағы ақпараттар ағынын тәулік бойы үздіксіз ретрансляциялаға арналған. "Экспресс МД-1" жер серігінің салмағы 1140 килограмм, C-диапазондағы 8 транспондер, L-диапазондағы 1 транспондерді алып жүреді. "Экспресс МД-1" жер серігі 10 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

"Экспресс-АМ44" ғарыштық аппаратын "М.Решетнев атындағы ақпараттық-спутниктік жүйелер" ААҚ Thales Alenia Space француз бөлімшесі жасап шығарған. "Экспресс-АМ44" жер серігінің Ku-диапазондағы 6 транспондері, C-диапазондағы 10 және L-диапазондағы 1 транспондері бар. Жер серігінің салмағы 2,5 тоннадан асады және ғарышта 12 жыл жұмыс істеуге арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны