04.10.2007, 16:51 3068

Байқоңырда "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық кесте бойынша өтіп жатыр

Байқоңырда "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық кесте бойынша өтіп жатыр

Байқоңыр. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық кесте бойынша өтіп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпараттарына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарына сүйенсек, С. Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары, Байқоңыр федералдық ғарыш орталығы мен Самараның "ЦСКБ-Прогресс" зауытының филиалы қызметкерлері № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесіне авторлық тексеру жүргізуде.

16-шы негізгі экспедиция және 13-ші Халықаралық ғарыш станциясына бару экспедициясының экипажын алып ұшатын пилотты "Союз ТМА-11" ғарыш кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы 10 қазанға жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны