29.08.2006, 16:52 3070

Байқоңырда "Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыруға қажетті қондырғыны дайындау жұмыстары басталды

МИСКЕУ. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Байқоңырдағы №1 алаңда "Союз ТМА-9" пилотты ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшыруға қажетті ұшырылым қондырғысын дайындау жұмыстары басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының күштері жабдықтарды тексеріп, кестеге сәйкес басқа да жұмыстарды жүзеге асырады.

"Союз ТМА-9" пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына негізгі 14-экспедицияның экипажы - Михаил Тюрин мен Майкл Лопес-Алегрианы және Иран текті АҚШ -тың әйел - ғарышкері Ануше Ансариді жеткізеді. Ол Халықаралық ғарыш станциясында 11-экспедицияның бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді сапармен болып қайтады.

Зымыран қыркүйектің ортасында ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны