07.09.2007, 13:23 2812

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Фотон-М-3" жер серігін ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Фотон-М-3" жер серігін ұшыруға дайындалуда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. БАЙҚОҢЫР. Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Фотон-М-3" жер серігін ұшыруға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығына сілтеме жасап.

"6 қыркүйектегі ұшырылымның апатқа ұшырауына қарамастан, "Протондарды" ұшыруға жарияланған мораторий басқа үлгідегі зымыран тасығыштарға қатысты емес, сол себепті 14-қыркүйекке межеленген "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылымы кесте бойынша жалғасады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

№112 алаңның монтаж-сынақ корпусында бас кәсіпорынның, сондай-ақ, Самаралық "Прогресс" орталық конструкторлық бюросының Байқоңыр филиалы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы мамандары "Фотон-М" ғарыш кемесінің басқару жүйелерін тексеруде. Осымен бір уақытта "Союз-У" зымыран тасығышының блоктары мен сатылары тексерілуде.

Фотон-М" ғарыш аппараты ғарыш технологиясы саласында сараптамалар жүргізуге, өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларының мүддесінде биологиялық препараттар мен материалдар өндіруге арналған. Ғарыштық аппараттың салмағы алты жарым тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Жалпы алғанда "Фотон-М-3" аппаратында жалпы салмағы 640 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.

Ұшырылымнан кейін "Фотон-М-3" түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді. "Фотон-М" ғарыштық аппараты мен "Союз-У" зымыран тасығышы 14 қыркүйекте ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны