12.09.2007, 14:07 1367

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Фотон-М-3" жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Фотон-М-3" жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. БАЙҚОҢЫР. Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Фотон-М-3" жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түсірілетін аппаратқа ғылыми жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталса, бүгін ғарыштық бас бөлікті құрастыру межеленген, бұдан кейін бас бөлік зымыран тасығышпен түйістіріледі.

Фотон-М" ғарыш аппараты ғарыш технологиясы саласында сараптамалар жүргізуге, өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларының мүддесінде биологиялық препараттар мен материалдар өндіруге арналған. Ғарыштық аппараттың салмағы алты жарым тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Жалпы алғанда "Фотон-М-3" аппаратында жалпы салмағы 640 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.

Ұшырылымнан кейін "Фотон-М-3" түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді. "Фотон-М" ғарыштық аппараты мен "Союз-У" зымыран тасығышы 13 қыркүйекте 1-ші алаңның ұшыру кешеніне шығарылып, 14 қыркүйекте Астана уақытымен 17 сағатта (Мәскеу уақытымен 15 00) ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны