20.12.2006, 17:46 3259

Байқоңырда "Зенит-2М" зымыран-тасығышының сынақтары басталды

БАЙҚОҢЫР. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында "Зенит-2М" зымыран-тасығышының сынақтары басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін 43-алаңның монтаж-сынақ корпусынан "Зенит-2М" зымыран-тасығышын шығару шарасы жүзеге асырылды. Зымыран модернизацияланған ұшырылым кешенінің жабдықтарын тексеру үшін 45-алаңдағы ұшырылым қондырғысына орнатылды. Бұл ұшырылым "Жер үсті ұшырылымы" атты бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Оның барысында зымыранға жанармай құюдан бастап ұшырылым алдындағы дайындықтар толық іске асырылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сынақтардан кейін зымыран ұшырылым кешенінен алынып, ұшырылымға тікелей дайындау үшін монтаждау корпусына жіберіледі.

"Жер үсті ұшырылымы" бағдарламасы аясында Ресейдің "Космос" аппараты мен "Зенит-2М" зымыран-тасығышының алғашқы ұшырылымы 2007-жылдың қаңтар айына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны