27.06.2007, 14:17 3320

Байқоңырда "Зенит-М" зымыран тасығышы ұшыру алаңына орнатылды

БАЙҚОҢЫР. 27-маусым. Kazakhstan Today. Байқоңырда "Зенит-М" зымыран тасығышы ұшыру алаңына орнатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең ғарыш айлағының қызметкерлері "Зенит-М" зымыран тасығышы мен Ресейдің "Космос" тобындағы жер серігін монтаж-сынақ корпусынан шығарып, оларды 45-ші алаңның ұшыру "үстеліне" орнатты. "Зымыранға қызмет көрсету фермалары түйістіріліп, мамандар бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмысқа кірісіп, жер үсті және борт жабдықтарының түйісу жағдайына тексеру жүргізе бастады", деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ғарыш айлағының мамандары үш күн бойы зымыран тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексереді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "алдағы ұшырылым өзінің құрылымы жағынан "теңіздегі ұшырылым" бағдарламасымен ұшырылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышына ұқсас "Зениттің" алғашқы ұшырылымы болмақ. Бұған дейін Байқоңырдан көнерген аналог жүйесіндегі басқарумен және басқа қозғалтқыш қондырғысы бар "Зенит-2" зымыраны ұшырылған. "Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығыштың бір басты ерекшелігі - ол екі сатылы, ал "теңіздегі ұшырылым" бағдарламасына сәйкес үшінші сатысы ретінде ДМ үдеткіш блогы бар зымыран ұшырылады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы орайда еске сала кетсек, "Зенит-М" зымыран тасығышының "Космос" ғарыштық аппаратымен бірге ұшырылымы бұған дейін 45-ші алаңнан 2006 жылдың желтоқсаны мен 2007-жылдың қаңтарында екі мәрте кейінге шегерілген.

"Космос" ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Зенит-М" зымыран тасығышы 29-маусымда Астана уақытымен сағат 16-да ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны