31.10.2007, 18:07 6029

Байқоңырдан 2007 жылдың аяғына дейін 5 ұшырылымды жүзеге асыру жоспарлануда

Байқоңырдан 2007 жылдың аяғына дейін 5 ұшырылымды жүзеге асыру жоспарлануда

Байқоңыр. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан 2007 жылдың аяғына дейін 5 ұшырылымды жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қараша-желтоқсан айларында ғарыш айлағынан 5 ғарыштық ұшырылымды жүзеге асыру межеленген: 18 қарашада "Протон-М" зымыран тасығышы Швецияның Sirius-4 жер серігін, 8 желтоқсанда "Союз-ФГ" зымыран тасығышы Канаданың RADARSAT-2 жер серігін, 23 желтоқсанда "Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-62" транспорттық жүк кораблін, 25 желтоқсанда "Протон-К" зымыран тасығышы үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктерін алып ұшады. Желтоқсанда сондай-ақ, "Протон" зымыран тасығышы "Глобус" ғарыштық аппаратын алып ұшады, бұл ұшырылым Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда 2007 жылдың басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан 15 ғарыштық ұшырылым жүзеге асырылды: "Союз" зымыран тасығышының сегіз ұшырылымы (бәрі де табысты), "Протон" зымыран тасығыштарының үш ұшырылымы (біреуі апатқа ұшырады), "Днепр" зымыран тасығышының екі ұшырылымы (табысты), "Зенит" зымыран тасығышының бір ұшырылымы (табысты) жасалды.

Сөйтіп, Байқоңыр 2007 жылғы ұшырылымдардың саны бойынша әлемдегі басқа ғарыш айлақтарының арасында көшбасшы күйінде қалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны