18.10.2006, 10:03 2514

Байқоңырдан "Метоп" ғарыш аппаратын алып ұшуға тиіс "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге аспай қалды

МИСКЕУ. 18-қазан. Kazakhstan Today. Байқоңырдан "Метоп" ғарыш аппаратын алып ұшуға тиіс "Союз-2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге аспай қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Роскосмос" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетейік, "Союз- 2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы 17-қазаға Астана уақытымен 22 сағат 28 минутқа белгіленген болатын. "Алайда, зымыран-тасығышты ұшыруға екі минут қалғанда циклограмма істен шықты",- деп хабарлайды "Роскосмос".

Қазір мамандар оқиғаның себептерін анықтауға тырысып, талдау жасауда. Зымыран тасығыш резервті уақыт - 18-қазанда ұшырылады деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырдан "Метоп" жер серігін алып ұшатын "Союз- 2.1а" зымыран тасығышының ұшырылымы үш мәрте кейінге шегерілді. Жаңа зымыран тасығыш шілдеде ұшырылуға тиіс болатын. Алайда, бағдарламалық қамтамасыздыққа қатысты ақаудан кейін оны қайта бөлшектеп зауытқа жіберген. Қыркүйекте зымыран ғарыш айлағына қайтадан жеткізілді.

Ұшуға дайындық барысында ғарыш аппаратын қосымша тексеруге байланысты 31-алаңда межеленген ұшырылым 7-қазаннан 17-қазанға қайтадан кейінге шегерілді. Оған жер серігін тасымалдау кезінде пайда болған болмашы механикалық ақау себеп болды.

"Союз-2.1а" зымыран тасығышы әлемдегі ең қуатты "Метоп" метерологиялық жер серігін ғарышқа шығаруы тиіс. "Метоп" жер серігін "EADS Astrium" компаниясы Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА)және метерологиялық жер серігін пайдалану жөніндегі еурлопалық ұйымымен ынтымақтастық аясында жасаған. Салмағы төрт тонналық "Метоп" жер серігіне жерді ғарыштан бақылауға арналған 18 антенна орнатылған. Жер серігінің технологиялық жабдығы, Жер үстінің ылғалдығы мен температурасын жоғары нақтылықпен өлшеуге, сондай-ақ теңіз үстіндегі ауа ағынын және атмосферадағы озонды қадағалауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны