04.07.2007, 16:55 2892

Байқоңырдан "Прогресс М-61" жүк кораблін ұшыратын жаңа мерзім белгіленді

БАЙҚОҢЫР. 4-шілде. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс М-61" жүк кораблін ұшыратын жаңа мерзім белгіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Роскосмос" агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бастапқыда 6-тамызға белгіленген ұшырылым 11-12-маусымда Халықаралық ғарыш станциясының компьютерлерінде пайда болған тауқымететрге байланысты 23-шілдеге дейін шегерілген болатын.

"Алайда, қосымша жабдықтарды жасау, дайындау мен сынақтан өткізуге, соның ішінде С.Королев атындағы зымыран-ғарыштық "Энергия" корпорациясының "Звезда" қызметтік модулінің кешенді стендінде қосымша жабдықтарды жасау, дайындау мен сынақтан өткізуге қосымша уақыт қажет болуға байланысты корпорация басшылығы мен мамандары ұшырылымды 2-тамызға белгілеуді ұсынды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Энергия" зымыран-ғарыштық кешеніің мамандары вакуумды камерада "Прогресс М-61" жүк кораблінің герметикалық жағдайын тексеруде. "Прогресс М-61" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, жабдықтар мен отын, компьютерлік жабдықтарды жеткізуге тиіс.

"Прогресс" жүк кемесі алғаш рет 2007-жылдың 18-қаңтарында, екіншісі 12-мамырында ұшырылған. Ал төртінші жүк кемесі жылдың аяғында ұшырылады. "Прогресс М-61" маркалы үшінші жүк кемесі "Союз-У" зымыран тасығышымен 2007-жылдың тамызында Халықаралық ғарыш станциясына пилотты кемені жіберер алдында ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны