10.12.2007, 09:19 1862

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты

Байқоңыр. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын алып ұшты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Зымыран тасығыш 9 желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта №81 алаңның ұшырылым кешенінің №24 ұшыру қондырғысынан ұшырылды және ұшырылым қалыпты режимде жүзеге асырылды.

Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатысы ұшу циклограммасының уақытына сәйкес дәлме-дәл бөлінді. "Протон-М" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратын тірек орбитаға шығарып, бұдан кейін "Бриз-М" үдеткіш блогының көмегімен жер серігі белгіленген нүктеге жеткізілді. "Космос" ғарыштық аппараты Ресейдің әскери мақсаттағы жер серіктерінің орбитадағы тобын толықтырды.

"Протон-М" зымыран тасығышының бұл 6 қыркүйектегі апаттан кейінгі Байқоңырдан жүзеге асырылған екінші табысты ұшырылымы. 2007 жылдың аяғына дейін "Протон-М" зымыран тасығышымен тағы да үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін ұшыру межеленген. Ұшырылым 26-желтоқсанға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны