21.09.2011, 11:50 69832

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасымалдағышы ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран-тасымалдағышын іске қосу сәтті жүзеге асырылған. Бұл туралы Роскосмос баспасөз қызметінен хабарлаған.

Алматы. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасымалдағышы ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран-тасымалдағышын іске қосу сәтті жүзеге асырылған. Бұл туралы Роскосмос баспасөз қызметінен хабарлаған.

"21 қыркүйек Мәскеу уақытымен 2:47-де Байқоңыр ғарыш айлағының 81 алаңынан Қорғаныс министрлiгінің мүддесіне ғарыштық аппаратты (ҒА) орбитаға шығарған "Протон-М" зымыран-тасымалдағышы іске қосылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ұшырылғаннан кейін 9 минуттан соң ғарыш аппараты және "Бриз-М" жүрдек блогының құрамындағы орбиталық блок "Протон-М" зымыран-тасымалдағышының үшiншi сатысынан бөлініп шығып, дербес ұша бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны