18.09.2006, 10:15 3108

Байқоңырдан "Союз ТМА-9" ғарыш кемесі ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 18- қыркүйек. Бүгін 10 сағат 08 минутта "Байқоңырдан" "Союз ТМА-9" ғарыш кемесі ұшырылды. Негізгі экипаж құрамындағы Ресей ғарышкері Михаил Тюрин, АҚШ астронавты Майкл Лопес-Алегриа, тұңғыш әйел-турист, Иран текті АҚШ азаматшасы Анюша Ансари ғарышқа бет алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кеше Байқоңырдағы "Ғарышкер" қонақүйінде кезекті ғарыш кемесі мен экипажының сапарға әзірлігі туралы нақты шешім шығарған мемлекеттік комиссияның мәжілісі өтті.

Кеме "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Гагарин алаңынан ұшырылды.

Негізгі экипаж, яғни, ғарышкерлер Михаил Тюрин мен астронавт Майкл Лопес-Алегриа жер орбитасында 187 тәулік болады. Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Томас Райтер де олармен бірге жұмыс істейді. Ол АҚШ шаттлының экипажымен бірге желтоқсанда Халықаралық ғарыш станциясынан қайтады. Ғарышкер-турист Анюша Ансари станцияда 11 тәулік болады. Ұшу бағдарламасын атқарып шыққаннан кейін ол негізгі 13-экипаждың мүшелері - ресейлік ғарышкер Павел Виноградов және АҚШ астронавты Джеффри Уильмспен бірге жерге оралады.

Экипаж екі шаттл мен екі жүк тасымалдаушы "Прогресс" кемесін қабылдау, ашық ғарышқа төрт мәрте шығу, бірқатар жаңа ғылыми зерттеулер өткізу секілді ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға тиіс.

"Союз ТМА-9" ғарыш кемесі 20-қыркүйекте Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны