13.10.2006, 08:57 2888

Байқоңырға "АрабСат" телекоммуникациялық жер серігін орбитаға шығаратын үдеткіш блок жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 13-қазан. Kazakhstan Today. Кеше Байқоңыр ғарыш айлағына "АрабСат-4Б" телекоммуникациялық жер серігін орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блок жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

"Бриз-М" үдеткіш блогы жер серігін биіктігі 36 мың шақырымдық геостационар орбитаға жеткізуге арналған.

Арабияның жер серігі байланысы ұйымына қарасты "АрабСат-4Б" телекоммуникациялық жер серігі сандық телевидение қызметін көрсету, тікелей телевизиялық хабарлар тарату, тұтынушыларға мәліметтерді жеткізу және Араб әлемі елдеріне Интернет қызметін жеткізуге арналған. "АрабСат-4Б" телекоммуникациялық жер серігі "АрабСат" ғарыштық байланыс жер серіктері тобының екінші серігі болып табылады. Алғашқы жер серігі - "АрабСат-4А" ғарыштық аппаратының наурыз айындағы ұшырылымы сәтсіз аяқталған. "Бриз-М" үдеткіш блогының жұмысындағы қателік салдарынан жер серігі есепті геостационар орбитаға шыға алмай қалды.

"Бриз-М" үдеткіш блогы мен "АрабСат-4Б" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан 8-қарашада ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны