29.05.2007, 13:49 2694

Байқоңырға "DirecTV-10" ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 29-мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңырға "DirecTV-10" ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Бриз-М" үдеткіш блогы бар контейнерлер 28-мамырда Ресейдің "Полет" әуе компаниясының АН-124-100 "Руслан" ұшағымен "Юбилейный" әуежайына жеткізілді. Бұдан кейін контейнерлер 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізілді. Бұл жерде үдеткіш блок ұшырылымға дайындалады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, М.Хруничев атындағы орталық қызметкерлері блоктың жүйелерін тексеріп, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен "DirecTV-10" ғарыштық аппаратын түйістіреді.

"DirecTV-10" ғарыштоық аппараты АҚШ аумағындағы ірі спутниктік телевидение операторы - "DirecTV" компаниясына тиесілі. Салмағы 3 тоннадан асатын "DirecTV-10" спутнигі жер маңы орбитасындағы 9 аппараттан тұратын жер серіктерінің тобын толықтырады. Ол 15 жылға есептелген және HDTV (High Definition Television) форматындағы айқындығы жоғары сандық телевидение хабарларын таратуға арналған. Ол АҚШ, Аляска және Гавай аралдары аумағында кабельдік және жалпыұлттық желілер арқылы хабар тарататын болады.

Осы тектес "DirecTV-8" жер серігін "Протон-М" зымыран-тасығышы Байқоңырдан 2005-жылдың 22 мамырында "Бриз-М" үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына шығарылды.

"Протон-М" зымыран тсығышы "Бриз-М" үдеткіш блогы мен АҚШ-тың телекоммуникациялық "DirecTV-10" аппаратын алып 2007-жылдың 20-маусымында ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны