03.06.2009, 13:57 1162

Байқоңырға ғарыштық аппараттардың кластерлік ұшырылымына пайдаланылатын РС-20 зымыраны жеткізілді

Байқоңырға ғарыштық аппараттардың кластерлік ұшырылымына пайдаланылатын РС-20 зымыраны жеткізілді

Алматы. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға ғарыштық аппараттардың кластерлік ұшырылымына пайдаланылатын РС-20 зымыраны жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зымыран Төретам бекетіне теміржолмен жеткізілді. Ұшырылым N109 шахталық ұшырылым қондырғысынан жүзеге асырылады. Ол жерге зымыран тиісті тексерулерден кейін орнатылады.

РС-20 зымыраны 2009 жылдың шілде айының аяғында ұшырылады деп жоспарланған. Зымыранмен "ДубайСат-1", "Даемос-1", "ЮК ДМС-2", НаноСат-1В", "АпрайзСат-3" және "АпрайзСат-4" аппараттары ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны